Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АТЫ ШУЛЫ LRT ҚҰРЫЛЫСЫНА 50 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

c 10:18, 01/03/2023 c 67

0:00 / 0:00

Үкімет аты шулы LRT құрылысын жалғастыруға 50 млрд теңге бөлетін болды. Бұл жайында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев үкімет отырысынан соң журналистерге берген сұқбатында айтты. Министрдің айтуынша, бүгін өткен республикалық комиссияның отырысында тиісті қаражат қарастырылған. Республикалық бюджет Парламентте қаралып, қол қойылған соң сәуір айында әкімдікке береміз деп жоспарлап отырмыз деді ол.

Жыр болған, қыруар қаржысы ұрланған, қазір сот ісі жүріп жатқан аты шулы LRT жобасына қатысты әлі нақты нүкте қойлымай отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі бұл қате жоба болғанын айтқаны есімізде. Дегенмен, Астананың көркін бұзып тұрған бағандарды алып тастағанның өзі қымбатқа шықпақ. Сондықтан үкімет басталған құрылысты аяқтауға бел буған еді. Алайда, бұл қазынаға салмақ салады. Жеңіл рельсті көлік жобасын 2011 жылы жоспарлағанда 42 шақырымдық қылып салмақшы болғанды. Алайда, ақша жетпейтін болған соң, оның ұзақтығы 22 шақырымға қысқартылды. Аялдама станциялары да қысқарды. Осылайша 1,2 млрд доллар қаражат үнемделмек. Қанша үнемдесек те, құрылысқа ақша жетпей жатыр. Алдағы сәуір айынан бастап жемқорлықтың символына айналған ЛРТ құрылысы жанданбақ.

Құрылыс жұмысы Астананың әуежай жағынан басталады дейді министр. Ал жалпы ЛРТ құрылысы биыл бітпейді.

Бұған дейін Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек 2024 жылдың аяғына дейін LRT іске қосылатынын мәлімдегені есімізде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.