Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ата заңға 25 жыл

c 10:18, 28/08/2020 c 1143

0:00 / 0:00

Биыл еліміздің басты заңы-Конституцияның қабылданғанына 25 жыл толып отыр. 1995 жылы 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдумда Ата заңымыз  қабылданған еді. Айтулы мереке қарсаңында  «XXI ғасырдың Конституциясы – құқық үстемдігі, адамның құндылығы және мемлекеттің тиімділігі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның және Азия конституциялық соттары және балама институттар қауымдастығы IV Конгресінің пленарлық отырысы  онлайн режимде өтті. Жиынға Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

Еліміздің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Бұл 25 жыл бұрын қабылданған басты заң- Конституцияда тайға таңба басқандай етіп жазылған.  Негізгі Заңның ережелері қоғам мен мемлекеттің дамуы үшін іргелі қағидаттар жүйесін құрайды,  қоғамның негізгі тірегін нығайтады деген пікірлер айтылды онлайн конференция барысында.  1995 жылы бүкілхалықтық референдумда Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаны мәлім. Ата заңда еліміздің аумақтық тұтастығы, қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, құқық үстемдігі және демократия қағидаттары жазылған.

Конституция енді ғана тәуелсіздік алып, еңсесін көтеріп жатқан Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттілігін қалыптастыруда  аса маңызды құжат болды дейді Президент. Еске сала кетейік 25 жыл ішінде Ата заңымызға үш рет өзгеріс енді. Бұл заңды құбылыс дейді мемлекет басшысы.

Ағымдағы жылы Конституцияның  негізінде елдің саяси өміріне өзгеріс енгізген заңдар қабылданды. Парламенттік оппозиция, саяси партиялар, бейбіт шерулер жайында өзгерістер орын алды.

Көптеген заңгерлер, тарихшылар біздің Ата заңымызды Франция Конституциясымен ұқсас деп жатады. Дегенмен қазақ елінің Ата заңының тарихы қазақ хандығы тұсындағы заңмен өлшенеді. Дала заңдардары «Қасым ханның қасқа жолынан»  бастау алады. Қасым ханның заңдары негізінде қазақ халқын тәртіп пен заң алдында тең ұстаған құжаттың бірі – «Есім ханның ескі жолы» болса. Қазақ хандығының үшінші заңдық құжаты – Тәуке ханның «Жеті жарғысы» болып табылады. Жер дауы, жесір дауы, ел тұтастығы, құн дауы, бала тәрбиесі, ұлт қауіпсіздігі сонау дала заңдарында қамтылғаны мәлім.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.