Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АСТАНАҒА КӨШУ АРМАН БА?

c 01:02, 30/08/2023 c 37

0:00 / 0:00

Үкімет Астанаға қоныс аударушыларға шектеу қоймақ. Бұл жайында үкімет дәлізінде Премьер-министрдің орынбасары-еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты. Бүгінде астаналықтардың саны миллионнан асқан. Қала күн санап өсіп жатыр. Алайда, инфрақұрылымы халық санының өсуін көтере алмауда. Сол себепті Астанаға келетін халық саны реттелетін болады.

Арман қуған жастар оқу оқимын, жұмыс істеймін деп болашағын болжап ел астанасына келіп жатады. Бұдан бөлек жұмыс жоқ, денсаулық нысандары, мектебі жабылған ауылдардың тұрғындары да қалаға қоныс аударады. Бүгінде елорданың көші-қон мәселесі күн тәртібінде тұр. Себебі, қала тұрғындарының саны 1 млн-нан асқан. Ал Астананың инфрақұрылымы, әлеуметтік нысандары халық санының өсуіне жауап бере алмай жатыр дейді үкіметтегілер. Сол себепті Астанаға үдере көшуге шектеу қойылады.

Министрдің айтуынша, қазір елорда әкімдігі тиісті заң жобасын әзірлеп жатыр. Алайда, Астанада тұрғысы келетін адамдарға шектеу қою, оның құқығын бұзу болып табылмай ма деген сұрақ туады. Дүйсенова ханым бұл уақытша үрдіс деп ақталды.
Ал ауыл халқының ел астанасына көшуін шектеу үшін, ауылды дамыту бағдарламасын енді қолға алып жатқан жайлары бар.

Өздеріңізге мәлім, бұған дейін Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев ірі қалаларға көш салмағы артып отырғанын айтқанды. Жалпы іштегі көші-қонның 40 пайызы Астана, Алматы, Шымкент қаларына тиесілі. Олардың көбісі облыс орталықтары мен моно қалалардан, ауылдардан қоныс аударып жатқандар. Ал елорда тұрғындарының саны тым көбейіп жатқандықтан, Астанаға көшіп келушілерге шектеу қойылады деген еді комитет төрағасы. Қыркүйектің ортасында бұл мәселеге нүкте қойылмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.