Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӘСКЕРДЕГІ БІР КҮН

c 13:27, 13/08/2023 c 48

0:00 / 0:00

Әскердегі бір күн. Астана маңындағы Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімшесінде парызын өтеп жатқан сарбаздардың қоғам қауіпсіздігін қамтудағы еңбегі зор. Қатардағы сарбаздар есірткі тасымалдаушылары мен оны тартаушылардың жолын кесуде. Төтенше жағдайға тап болған жандарды құтқаруда да осы ұландардың еңбегі көзге түсіп жатыр. Біздің арнаның түсірілім тобы Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде болып, сарбаздардың әскердегі өмірімен танысып қайтқан еді.

Жалпы еліміздің 19 қаласында Ұлттық ұланның жеке құрамы қоғамдық тәртіпті қадағалайды. Астана маңындағы Ұлттық Ұланның 5573 әскери бөлімі 2014 жылы ашылған болатын. Бұл әскреи бөлім елорданың қауіпсіздігін қамту үшін құрылды. Ұлттық ұлан сарбаздары стратегиялық және аса маңызды нысандарды күзетеді. Қоғамдық орындардағы тәртіпті бақылайды. Сондай-ақ, қылмыскерлерді теміржол және автокөлікпен алып жүру, жоғарғы және әскери сотта тәтіпті қадағалу сарбаздардың құзыретіне кіреді. Әскерилердің айтуынша, ұлттық ұлан сарбаздарының қоғамдық тәртіпті бақылауының арқасында көшеде жасалған қылмыс деңгейі 50 пайызға төмендеген. Бүгінде 1600 аса сарбаз Астанадағы қоғамдық тәртіпті бақылауда, көптеген қылмыстың бетін ашуға жәрдем тигізуде. Әсіресе жастар үшін қасіретке айнлаған есірткі тарату қылмысын ашуда ұландықтардың еңбегі зор дейді әскерилер.

Бұл жолы да ұлттық ұлан сарбаздары қала тыныштығын күзету үшін аттанып барады. Қатардағы жауынгерлердің көшеде жүріп-тұру ережесі өте қатаң.

Статистикаға сүйенсек, Жыл сайын әскерге 30 мыңнан астам бозбала шақырылады.Қазақстанда әскер қатарына шақырылуы тиіс бозбалалардың 5/1 ғана әскерге атанады. Қалғаны түрлі себеппен отан алдындағы борышын өтеуден босатылады. Көбісі әскерге барудан бас тартып жатады. Біздің елде әскерге барудан жалтаруды заң құптамайды. Жастар арасында әскерге барып, бір жыл текке уақыт өткізесің деген пікір қалыптасқан. Алайда, әскер ербалалар үшін отанды қорғауға қажетті дағдыларды, ер мінезді қалыптастырудың негіздерін, қарым-қатынас жасау және ұжымда жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады. Әскердегі қызмет белгілі бір дәрежеде ересек өмірге жолдама береді дейді әскерилер.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.