Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ASHYQ» қосымшасы

c 09:29, 20/04/2021 c 733

0:00 / 0:00

Қазақстан 20 күн қызыл аймақта тұр. Карантин талабы күшейтілген аймақтарда бизнестің жұмысы тұралап қалып жатыр. Енді пандемия барысында кәскерлер үздіксіз, қауіпсіз жұмыс істеуге мүмкіндік ал. Ол «Asyq» қосымшасы мүмкіндік беріп отыр. Қазір бірқатар өңірде бизнес осы жоба аясында жұмысын жүргізіп жатыр.

Карантиндік шектеулерден ығыр болған бизнес  «Аshyq» қосымшасын  қолдап оты. Тығырыққа тірелген кәсіпкерлер енді үздіксіз, қауіпсіз жұмыс істеуге көшті. Ең бастысы ұялы телефоныңызда  «Аshyq» қосымшасы болуы керек. Фитнес, спа-салон, бассейн, қоғамдық тамақтану орындарына барғанда QR-код арқылы мәртебеңізді анықтайсыз. Мобильді қосымша арқылы  ковидтің кез келген формасын анықтайтын төрт түс жанады. Жасыл  сіздің ковидтен сау екеніңізді білдіреді. Ал қызыл – COVID-19 жұқтырғаныңызды білдіреді. Қызыл түспен сіз барған жеріңізге кіре алмайсыз.

Әсет Тұрсынов – ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі «Бүгінге 235 мың қолданушы «Ашық» қосымшасын жүктеп алды. 619 кәсіпкерлік нысаны осы жобаға қатысып жатыр. Бұл фитнес клубтар,йога, спа орталықтар, кинотеатрлар, бассейн, компьютерлік клубтар.Соңғы аптада 213 адам вирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы жоба қосығалы 560 қызыл мәртебедегі адамдар анықталды»

Бұл қосымша арқылы індетті жұқтырғандардың әрі-бері жүруін тыямыз дейді санитарлық дәрігерлер. Алайда, келушілер тарапынан жауапсыздық танытатындар көп.

Әсет Тұрсынов – ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі «Кинотеатрлар жұмысын бастаған кезде екі адамның коронавируспен ауырғаны анықталды. Ашық қосымшасы олардың ПТР тесті вирус жұқтырғанын көрсетті. Әрине ол  екі азамат кинотеатрға жіберілген жоқ. Оларға «қызыл» мәртебеде екені, карантинде отыру керектігі айтылды».

Цифрлық даму министрлігі сәуір айының соңына дейін еліміздің барлық аймағын «Ашық» жобасымен қамтимыз деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.