Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӘШІМБАЕВ САЙЛАУДА ТОҚАЕВТЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІ БОЛУҒА ДАЙЫН

c 17:40, 29/09/2022 c 1606

0:00 / 0:00

20-қарашада кезектен тыс өтетін Президент сайлауына кандидаттар әлі тіркелген жоқ. Тек қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында биылғы сайлауға түсетінін мәлімдеген болатын. Алайда, Тоқаев нақты қай партиядан немесе қоғамдық бірлестін түсетіні белгісіз. Өздеріңізге мәлім, биыл сәуір айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясының төрағалығынан ғана емес, осы саяси ұйымның қатарынан да шығып кеткен еді. Себебі, Президент туралы заңнамаға Президент саяси партияда мүшелікте болмауы керек деген норма енгізіліп жатыр. Президенттікке кандидаттардың тіркелуі 11 қазанда аяқталады. Еліміздің сасяи партяилары әлі орнынан қозғала қойған жоқ. Келесі аптада Amanat партиясы съезін өткізгеннен соң барып, өзге саяси күштер де оянатын сияқты. Тілшілер осы додаға қатысатын қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі кім болады деген сұрақты сенат төрағасына қойды. Себебі спикер Мәулен Әшімбаев 2019 жылғы сайлау кампаниясында Тоқаевтың сенімді өкілі болған еді. Енді сенатор осы сайлауда да бұл міндетті атқаруға дайынмын деп отыр. Әзірге мұндай ұсыныс түскен жоқ.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ «Егер мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы маған өзінің сенімді өкілі болуды және сайлау науқанына басқа да өкілдермен бірге қатысуды тапсырса, мен, әрине, дайнымын және тиісті функцияларды атқарамын – мұның бәрі Сайлау заң аясында жүзеге асады. Мен сайлау науқанына белсене қатысып, азаматтарымызға, жұртшылыққа Президентіміздің сайлауалды бағдарламасының негізгі тезистерін жеткіземін»

ОсылайшаТоқаевқа адал қызмет етуге дайынмын деп отырған сенат басшысы алдағы сайлауда бірқатар саяси партиялардың Президентікке үміткерлері шығады деп болжайды.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ «Президентті Amanat та, басқа партиялар да қолдайды деп ойлаймын. Ал президент қай ұйымның атынан сайлауға түсетінін, оны қай партияны ұсынады, ол өзі шешім қабылдайды. Бұл – президенттің құзіреті. Келесі аптада Amanat съезі өтеді. Сол жерде белгілі болады. Меніңше басқа кандидаттар болады. Басқа да партиялар мен қоғамдық бірлестіктер Президенттікке өз үміткерін ұсынады».

Ал Орталық сайлау комиссиясы мерзімінен бұрын өткелі жатқан Президенттік сайлауға 11,8 млн сайлаушының дауыс беруге құқығы бар деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.