Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АПАТТАН КЕЙІН ӘУЕ КОМПАНИЯЛАРЫ ТОЛЫҚ ТЕКСЕРІЛЕДІ

c 20:01, 24/02/2023 c 90

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында орын алған апатты жағдайға қатысты Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов түсініктеме берді. Ол Батыс Қазақстанда апатқа ұшыраған тікұшақ ұшар кезде ауа райы қандай болғанын айтты. Өздеріңізге мәлім, кеше Батыс Қазақстан облысында «Қазавиақұтқару» АҚ-ға тиесілі тікұшақтың «апатты жағдайда қонып», 4 адамның мерт болды. 2 адам зардап шекті. Бүгін төтеншеліктер осы оқыс оқиғадан қаза тапқандардың аты-жөнін жариялады.

Батыс Қазақстан облысы Чапурино елді мекенінен 6 шақырым жерде Ми-8 АМТ тікұшағымен апатқа ұшырап, көз жұмғандардың аты-жөні жаряиланды. Төтеншеліктердің айтуынша, тікұщақ қатты екпінмен қонған. Салдарынан 4 адам қаза тапты. Ол "ҚазТрансОйл" АҚ тапсырысы бойынша құбырды тексеру үшін ұшқан көрінеді. Олар - ұшқыш-нұсқаушы Дәулетбай Қанатов, екінші пилот Владимир Афанасьев, аға борт механик-нұсқаушы Сиязбек Андосов және жетекші инженер Жәрдем Доскалиев. Ресми өкілдің айтуынша, экипаж мүшелерінің бәрі кәсіби біліктілігі жоғары мамандар болған.

Төтенше жағдайлар министрлігі қаза тапқан азаматтардың барлық жерлеу рәсімдерін көтеріп, материалдық қолдау жасалады деп отыр. Ал аман қалған екі азаматтың жағдайы орташа.

Иманқұлов әзірге апатқа не жағдай себеп болғаны белгісіз деп отыр. Оның айтуынша, ұшқыштардың «метео бюллетень» деген арнайы ресми құжаттары бар. Сол метео бюллетень бойынша ұшуға мүмкіндік болды. Ал тікұшақ су жаңа болған.

Алдында тікұшақ апатынан кейін бәрі аман қалды деген мәлімет тараған. Ресми өкіл оқиға орнында байланыс нашар болған және интернет болмаған. Сондықтан диспетчерлер қоңырау шалған кезде аман қалған қызметкеріміз "тірімін" не "тіріміз" деп, телефон байланысы үзіліп қалған", - деп түсіндірді. Яғни дұрыс түсінбеген. Қазір осы апатты жағдайға қатысты тергеу ісі басталып кетті.

Енді осы апаттан соң әуекомпанияларының тікұшақтарын тексеру жұмысы басталмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.