Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Апат салдары

c 18:27, 30/12/2019 c 619

0:00 / 0:00

Алматы түбінде орын алған ұшақ апатына  себеп болған үш жағдай айтылды.  Олар: экипаж қателігі, техникалық ақау және навигациялық қызмет жұмысы.Бұл жайныда бүгін өткен үкімет отырыснан соң,  дәлізде журналситерег сұқбат берегн Ішкі істер минситрі Ерлан Тұрығмабве мәлімдеді. Сондай-ақ, министр  апатқа ұшыраған  Фоккер 100 ұшағының қара жәшігі Мәскеудегі мемлекетаралық авиация комитетіне тапсырылды дейді. Тергеудің алдын ала қорытындысы 10 қаңтарға дейін жарияланбақ. Еске сала кетейік,  қайғылы оқиға 27 желтоқсанда  орын алды.  Bek Air әуе компаниясының "Алматы – Нұр-Сұлтан" бағытындағы Fokker 100 ұшағы Алматы маңындағы елді мекендегі құрылыс нысанына соқтығысып, құлады.Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. 12 адам қаза болды.  Олардың арасында ұшақ командирі бар. Екінші ұшқыш қазір ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр.

12 адамның өмірін қиған қайғылы оқиға бүкіл елді есеңгіретті. Айдың-күннің аманында, ауа-райы ұшуға қолайлы болып тұрған сәтте ұшақтың әуе көтеріле салып, құлауы көп сұрақ тудыруда. БекЭйр компаниясының қолданыстағы ұшақтарының 9-ы осы Фокер 100 ұшағы.  Трагедиядан соң, енді елдегі бүкіл әуе компанияның жұмысы тексеріледі. Ал Бекэйрдің жұмысы уақытша тоқтатылды. Апаттың себеп-салдарын зерттеп жатқан комиссия үш жағдайды атап отыр.Борт серігінен жаупа алынған. Өздеріңізге мәлім, ұшақ командирі оқиға орнында көз жұмды. Екінші ұшқыш ауыр хәлде жатыр.

Ұшақ бортындағы  өздігінен жазатын құрал  Мәскеудегі мемлекетаралық авиация комитетіне сараптамаға  жіберілді

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, әуе апатынан зардап шеккен бір науқастың жағдайы өте ауыр, дәрігерлер соған алаңдаулы. Бүігніг күнге үш адам ауруханадан шығарылды. Қазір 46 науқас ем алып жатыр. Оның тоғызы-балалар.

Президенттің тапсырмасымен Үкімет Алматы түбінде құлаған ұшақта қаза болғандардың отбасыларына 4 млн теңгеден көмек қолын беруді шешкен болатын.  Оған қаржы резервтен бөлінеді.

Осы қайғылы оқиғадан зардап шеккендерге материалдық өтемақы төлеу туралы шешімді Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктері қабылдайды. Ал қаза болғандардың отбасына  Bek Air компаниясы өтемақы төлей ме деген сауалға...

Роман Скляр – ҚР үкімет басшысының орынбасары; «Сақтандыру бар. Қаза болғандардың отбасына  13 млн теңгеге едйін өтемақы төлеу туралы талап бар . Оның көлемін әуе комапния өзі белгілейді. Олар БАҚ-ға шығатын шығар»

Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр Bek Air компаниясының ұшағымен талай рет ұшқанын айтады. Осы трагедиға қатысты егер әуе компаниясы тарапынан қандай да бір заң бұзушылық анықталса, ол ең қатаң жазаға тартылатынын айтты. Ал бұл жағдайда "үкімет өзін кінәлі сезіне ме?" деген сұраққа...

Роман Скляр – ҚР үкімет басшысының орынбасары; «Мен авиация саласының кураторы ретінде әрине жауапкершілікті сезінемін. Біздің де қабырғамыз қайысты, сеніңіздер. Бұл қорқынышты трагедия. Мұндай жағдай, ешбір келеңсіздік авиацияда мүлдем болмауы керек. Біздің министрлік бірде-бір әуекомпаниясына лобби жасамайды. Керісінше ең қатаң талаптарды қояды. Сыни пікір айтып жатқан Тоты Әмірованың өзі кезінде әуе компанияларына, инспекторларға қатысты  талай осындай қатаң шешімдер қабылдағантын. Біреу біреуге лобби жасады деген дұрыс емес. Bek Air халықаралық рейстерге шығу үшін осы уақытқа дейін түрлі деңгейдегі лоббистердің қатысуымен IOSA сертификатын жоюға тырысып келді. Бірақ қанша жерден қысым көрсетілсе де, министрлік бұған келіспеді».

Ал бүгін Алматыда Bek Air әуе компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов журналистермен брифинг өткізіп, «егер ұшақ соғылған құрылыс нысаны болмағанда, адам шығыны орын алмас еді»,- деп мәлімдеген.  Президент Тоқаев 12 адамның өмірін жалмаған қайғылы оқиғаға қатысты кеше яғни 28 желтоқсанда елде жалпыұлттық аза тұтыну күні деп жариялады.  Арнай ықұрылған комиссия тергеудің алдын ала қорытындысы 10 қаңтарға дейін мәлім болады деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.