Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Антибиотиктің зияны

c 19:54, 08/07/2020 c 595

0:00 / 0:00

Дәрігерлер коронавирустан  өз бетінше емделіп жатқан науқастарға антибиотик қабылдауда абай болуға кеңес береді. Ауыр инфекцияларда ғана қолданылатын резервті антибиотиктердің де пайдаланылып жатқанына алаңдаушылық білдірді. Медицина ғылымдарының докторы Раушан Қарабаева онлайн брифинг барысында  қазақстандықтарға дәрігердің қарауынсыз антибиотик қабылдамау керектігін айтты. «Оған жол беруге болмайды, себебі науқастың  жағдайын одан әрі ауырлатуы мүмкін» дейді дәрігер. Өткен тәулікте елде 1376 адам індет жұқтырды. Оның ішінде 847 симптомсыз болып отыр.  Республика бойынша расталған жағдайдың жалпы саны 49683 науқасты құраса, сауығып шыққаны -16928 адам.

Елдегі ахуал әлі де тұрақтар емес. Қазақстанда короанвирустың таралуы ушығып жатқандықтан көрші елдерден көмек  жасалуда. Күні кеше ресейлік бір топ дәрігер келсе,  сыртқы істер министрлігі

Ресей Қазақстанға гуманитарлық жүк жіберді деп хабарлап отыр. . Арнайы борт астанаға бүгін жетті. Оның ішінде медициналық бетперде, қорғаныс костюмдері мен қажетті препараттар бар. Алдағы күндері көрші елден тағы бірнеше рейс келеді деп күтілуде. Алел ішіндегі індетке қарсы күрес әзірге нәтижесін көрестіп отырған жоқ. Науқастар саны күн асйны артуда. Көз жұмғандар қаншама. Халық  жанын сақтап қалу үшін өз бетінше ем алып жатыр. Дәрігерлер болса, тағайындаусыз антибиотик қабылдамаңыздар, оның салдары қиын болады деп дабыл қағады.

Раушан Қарабаева – медицина ғылымдарының докторы «Қазіргі уақытта КВИ жұқтырғандардың еш қадағалаусыз антибиотик қабылдап жатқанын байқадық. Антибиотиктер ағзаның иммундық жауабын қалыптастыруға қажетті ішек микрофлорасын бұзады. Сәйкесінше, ациенттің иммунитеті одан әрі төмендей түседі. Одан бөлек, қажетсіз -антибиотикті тағайындау – микроағзаларды бактерияға қарсы заттарға тұрақты және төзімді етеді. Бұл – өте өзекті жаһандық мәселе деуге болады, адам бойында антибиотикті сезбейтін микроағзалар штаммы пайда болады және келешектегі бактериялық инфекцияларды емдеу ісіне ықпал етеді»

Сондай-ақ, үйде емделіп жатқан науқастар   ауыр инфекцияларда ғана қолданылатын резервті антибиотиктердің де пайдаланылып жатыр. Дәрігерлер бұл  науқастың жағдайын одан әрі ауырлатуы мүмкін дейді. Сондықтан тек дәрігердің нұсқауымен ем алған жөн. Алайда, сол дәрігерге қол жеткізе алмай отырғандар қаншама. Қызуы көтеріліп тұрған науқас емханаға бара алмайды. Осыған орай елордалық емханалар мобильдік топтардың жұмысын жандарып жатқан көрінеді. Ал жағдайы ауырлаған науқастарға тегін антибиотик береміз дейді.

Ал ел ішіндегі қажетті дәрі тапшылығы әлі де орын алуда. Полицейлер болса дәрі бағасын шарықтатып отырған алып сатарларды ұстап жатыр. Елордалық тәртіп сақшылары заңсыз сатылған дәрі-дәрмектердің жалпы құны 6 миллион теңгеге жеткенін хабарлап отыр.Алып сатарлардан дәріхана сөресінде жоқ антибиотиктер мен вирусқа қарсы  дәрілердің барлық түрі табылған. Сондай –ақ, қалалық дәріханаларда бірқатар препараттың  бағасы шарықтап кеткені анықталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.