Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ САЙЛАУДА БАСЫМ ДАУЫСПЕН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТПЕКШІ

c 10:19, 08/02/2023 c 167

0:00 / 0:00

Парламент Мәжілісі мен маслихаттардың сайлауына ел аузында билік партиясы атанып кеткен аманаттықтар да өз тізімін ұсынды. «AMANAT» партиялық тізіммен Мәжіліс депутаттығына 90 үміткерін, бір мандаттық округтер бойынша 29 кандидатын ұсынды. Аманаттың тізімін ақын Ринат Зайытов, экс-министр Асхат Аймағамбетов, журналистер –Мақсат Толықбай, Нартай Аралбай, Максим Рожиндер толықтырды. Бүгінде партияның 800 мыңнан аса мүшесі бар. Астанада «AMANAT» партиясының жиырма бесінші съезі өткен еді.

«Amanat» партиясының кезекті съезі алдағы сайлауға ұсынылатын үміткерлер тізімін жасақтауға арналды. Айта кету керек, партияның бұл съезі бұрынғыдай емес жаңа форматта, креативті түрде өтті. Сағаттап оқылатын баяндамаларды, мемлекет басшысына деген сүйіспеншілігін жарыса айтатындарды бұл жолы көрмедік. Тіпті партияның ақсақалдарына да сөз бұйырмады. Мұнымен билік партиясы Жаңа Қазақстан жасап жатқанымызды дәлелдегісі келді ме, кім білсін? Сөз жастарға берілді. Қысқа және нұсқа айтылған сөздерден соң, басты мәселе- сайлауға кімдер түсетіні мәлім болды. Аманат бұл сайлауға қымсынбай Парламент мәжілісіне партиялық тізіммен 90 кандидатын ұсынса, бір мандаттылар саны 29 үміткерді құрады. Онсыз да Мәжілісте көп орын алып келген аманаттықтар бұл жолы да басым дауыс жинау үшін аянатын емес.

Аманаттықтар бұрынғы НұрОтанды жоққа шығарып, партияның түбірімен жаңарғанын жарыса айтып жатты. Партия серкесі де осындай пікірде.

Айта кету керек, «Amanat-ң» тізімін партия төрағасы Ердан Қошанов бастап, ақын Ринат Зайытов, экс-министр Асхат Аймағамбетов, журналистер –Мақсат Толықбай, Нартай Аралбай, Максим Рожиндер толықтырды. Арасында экс-депутаттар да жоқ емес. Биліктің әрекетін ашына сынап жүретін ақын Зайытовтың билік партиясының тізімімен депутаттыққа түсіп жатқаны сұрақ тудырады әрине.

Экс-министр, қазірде жоғарғы оқу орнының оқытушысы Асхат Аймағамбетов пен журналист Мақсат Толықбай үшін депутат болу арман ба? Ал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа партия неге мандат ұсынбады?

Сондай-ақ, Аманат партиясы бір мандатты округтен 29 үміткерін ұсынып отыр. Бұл тізімде экс-депутаттар Еділ Жаңбыршин мен Нұртай Сәбиляновты көзіміз шалды. Осылайша партия тізімді 75 пайыздық жаңарттық деп отыр.Еске сала кетейік сайлаудан соң мәжіліс депуттарының 70 пайызы партиялық тізіммен, 30 пайызы бір мандатпен жасақталады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.