Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Алтын алма» базары сот шешімімен жұмысын 3 айға тоқтатты

c 17:44, 01/08/2018 c 821

0:00 / 0:00

Орал қаласындағы «Алтын алма» базары сот шешімімен жұмысын 3 айға тоқтатты. Бұдан бөлек қандай кәсіпкерлік субьектілері мамандар назарын аудартты.Өрт қауіпсіздігінің сақталмауына байланысты төтеншеліктер тарапынан жасалған ескертулерді елемей, нәтижесінде, құжаттары сотқа жолданған нысандар бар.толығырақ арна тілшісі баяндасын

«Бүгінгі күні өрт қауіпсізідігінің тәуекелділігі жоғары 56 нысан назарға іліккен. Өрт қауіпсіздігі ескерілмеген бірнеше кәсіпкерлік субьектілеріне ескертулер жасалып, белгілі бір уақыт ішінде қателік түзетіліп олқылықтың орны толтырылуы тиіс болатын. Осы орайда төтеншеліктер ескертулерге мойынсұнбаған бірқатар кәсіпкерлік субьектелері де бар екенін жасырмады.

Бүгінгі күнге дейін 31 кәсіпкерлік нысанына қайта бақылау тексерістері жүргізілген. Межелі мерзім ішінде қайтадан заң бұзушылықтарға жол берген 11 обьектіге хаттама толтырылып әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462 бабының 3-ші тармағы бойынша Орал қалалық әкімшілік сотына жолданып, соттың шешімімен 11 обектіге сомасы 2 млн 356 мың 900 теңге айыппұл салынған. Сондай-ақ, өңірдегі білім беру ошақтары мен жеке балабақшаларға да тексерістер жүргізіліп, мынадай олқылықтар орын алған.

Еске сала кетсек, көрші Ресейдің Кемеров қаласындағы қайғылы оқиғадан кейін ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасы бойынша сәуір айынан бастап еліміздегі ірі сауда ойын-сауық нысандарына кезектен тыс тексерулер басталған еді. «Сақтансаң сақтаймын» демекші, осы орайда аталмыш қолға алынған шаралардың барлығы да адам өміріне қауіп төндірер жағдайлардың алдын - алу барысында атқарылып жатқанын ескеру қажет дейді төтенешіліктер!

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.