Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Алматы «Қызыл» аймаққа қайта өтуі мүмкін»

c 10:32, 28/06/2021 c 399

0:00 / 0:00

Алматы қаласы қауіпті індеттің таралуына  байланысты «қызыл» аймаққа қайта өтуі мүмкін. Шахар басшысы Бақытжан Сағынтаев қала қазір жасыл аймақта тұрса да,  осылай деп мәлімдеді. Алматы қаласының әкімі елордаға ат басын тіреп, журналситермен өткен онлайн брифингте көкейдегі сұрақтарға жауап берген еді. Әкімді қаладағы эпид жағдай алаңдатады.

Мегаполис қала-Алматыда эпид жағдай тұрақталып, бүгінде сары аймақта тұрғаны мәлім. Қалада мейрамханалар, спортзалдар, клубтардың жұмысы қызып тұр. Өкінішке орай, қазақстандықтарды алаңдатып отырған «үнді» штамы Алматы қаласында да тіркелді. Үндістандық дельта штамы бізге де келді, күнде тіркеліп жатыр дейді әкім. Шахар басшысы, карантиндік талаптарды қатаңдатамыз деп отыр. Алайда, локдаун болмайды, дегенмен шектеулер қойылады. Әкім Бақытжан Сағынтаев алып қала қайта «қызыл» аймаққа қайта өтуі мүмкін деп отыр.

Карантиндік шектеулер бизнестің жұмысын тежейтіні сөзсіз. Мұндай жағдайда кәсібін дамыту үшін ақша құйып, тәуекелге барудың өзі қиын. Көптеген компаниялар банкротқа ұшырап, адамдар табысын жоғалтуда. Пандемия кезінде онлайн жұмыс істеуге икемді мамандық иелерінің жолы болғанымен, дүкен саудагерлері мен бармендерге қашықта отырып жұмыс істеу мүмкін емес екені айдан анық. Әлемді жайлаған ковид вирусы толастар емес. Билік індеттен құтылудың бір жолы-вакцина салдыру екенін айтудан талмайды.

Әкім қалада  жағдай күрделенетін болса үш көпсалалы аурухана қайдатан инфецкиялық науқастарды емдеуге көшетінін айтады. Ендігі бұл ауруханаларда дайындық жүріп жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.