Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АЛҚАБИЛЕР СОТЫ ӘДІЛ ӨТЕ МЕ?

c 15:00, 14/03 c 27

0:00 / 0:00

Өздеріңізге мәлім, елордада экс-министр Қунадық Бишімбаевтың сотта алдын ала тыңдалымы өтті. Ол жерде айыптаушы жағы Бишімбаевтың марқұм әйелін қалай өлтіргенін, Салтанат Нүкенованы жүйелі түрде ұрып-соққанын түгел баяндап берген еді. Алайда күдікті Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындап отырған жоқ. Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің аса қатыгездікпен адам өлтірді, ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинады деген айып тағылып отыр. Сондай-ақ, күдікті алқабилер сотына жүгінгені мәлім. Алайда, қоғам бұған алаңдаулы. Себебі, алқабилер соты біздің елде дамымаған. Бишімбаевтың кінәсі толық дәлілденбей, жеңіл құтылып кетуі мүмкін деген пікірлер айтылуда. Елде резонанс тудырып отырған сот ісіне қатысты мәжіліс төрағасы өз пікірін айтқан еді.

Адвокаттық тәжірибесі мол, депутат Абзал Құспан да алқабилер сотының Бишімбаев ісі бойныша әділ шешім қабылдайтынына сенімді. Мәжілісменнің айтуынша, қазір алқабилер соты бойынша өзгерістер енгізу мәселесі қаралып жатыр. Қылмыстық істерді кеңейту керек дейді ол. Аса ауыр қылмыстар бойынша алқабилер соты жүргізілгені жөн деп отыр. Ал Бишімбаевтар әулетінің осал емес екенін ескерсек, алқабилерді сатып алуы да мүмкін ғой деген сұрақ туады.

Осылайша депутаттар аты шулы сот ісінің сот мейлінше ашық жүргізіліп жатқанын айтады. Алайда, Бишімбаев пен оның туысы Байжановқа қатысты соттың алдын ала тыңдалымы екі күн бойы жүргізілді. Бірақ сот залына БАҚ өкілдері кіргізілмеді. Сот өкілдері залда орын жоқ дегенді алға тартты.

Сондай-ақ, прокурор Шыңдалиев экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісін қараған алқабилердің пара алмайтынына қандай кепілдік бар? – деген сұраққа жауабында «егер алқабилері қызығушылық танытса, онда бұл үшін тиісті жауапкершілік бар. Егер мұндай фактілер анықталса, алқабилер алқасы таратылуы мүмкін, – деді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.