Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілер туралы заң қажет пе?

c 21:46, 30/03/2021 c 327

0:00 / 0:00

Сенатор Бақытжан Жұмағұлов әлеуметтік желілер туралы заң қабылдауды ұсынды. Депутаттың айтуынша, коронавируспен бірге идеологиялық вирустар таралып жатыр. Сол себепті оған қарсы заң қабылдау қажет. Алайда, сенатордың бұл ұсынысын қоғам белсенділері қолдамайды. Олардың пікірінше, әлеуметтік желілер халықтың үні естілетін жер. Мұндай заң қабылдау сөз бостандығын шектеумен тең.

Әлеуметтік желілер интернет кеңістігінде 1995 жылдан бастап кең таралды. Әлеуметтік желі  бұқараның ойын ашық айтып, биілікке үнін жеткізетін жер. Желіде жағымды да, жағымсыз да, шынайы да, жалған да  ақпарат тез тарайды. Хайп қуған, лайк қуғандар үшін атын шығаруға әлеуметтік желі таптырмас құрал болды. Депутаттардың айтуынша, смартфонға байланған жас ұрпақ үшін мұның зияны көп. Жаһандану кезінде кейбір жастар шетелдік жағымсыз құндылықтар ықпалына бейсаналы түрде ілесіп кетуде. Мәжбүрліктен емес, сананың улануы арқылы өз еркімен торға түседі. Бүгінде короновирус ғана емес, идеологиялық вирус та тез тарап жатыр. Осыған орай сенатор Жұмағұлов әлеуметтік желілер туралы заң қабылдауды ұсынды.

Алайда, сенатордың бұл ұсынысын қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан қолдамайды. Оның айтуынша, мұндай заң қабылданса, халықтың үні өшіп, сөз бостандығына шектеу қойылады.

Қазақстанда әлеуметтік желі 2-3 жылдың ішінде үлкен күшке айналды. Қолданушылар қатары кеңейді. Әлеуметтік желінің бастапқы мақсаты- таныстармен, достармен араласып, сурет салатын ақпараттық алаң болатын. Ал, қазір  саясиланып кетті.Мамандар әлеуметтік желіге салқынқанды, сауатты қараған дұрыс. Онда жазылғанның бәрі шындық бола бермейді. Сондықтан ақпаратты нақтылап алған жөн деген кеңес береді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.