Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ИНСПЕКТОРЛАР ПАЙДА БОЛАДЫ

c 11:06, 12/06/2023 c 62

0:00 / 0:00

Өткен жылы елімізде мүгедектігі бар жандар үшін қолайлы жағдай жасамаған 300-ге жуық нысанның басшысына 60 млн теңге айыппұл салынды. Бұл жайында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов баспасөз маслихаты барысында айтты.Сондай-ақ, ол мүмкіндігі шектеулі жандардың шағымдарына тез әрекет ету үшін әлеуметтік инспекторлар қызметі пайда болады деді.

Сататисткаға сүйенсек, Қазақстанда 700 мың мүгедектігі бар жан тіркелген. Оның ішінде туа біткен мүгедектік, тағдыр тәлкегіне түсіп, өз бетінше жүріп тұра алмай қалғандар, зағип жандар бар. Мемлекет мүгедектігі бар жандардың қоғамдағы рөлін арттыру үшін біршама жобаларды жүзеге асыруда. Дегенмен, әлі де көптеген нысандарға мүгедектердің барып, кіруі қиындық тудырып жатады. 2023 жылы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымды жақсартуға, соның ішінде оларды пандустармен, бейімделген лифттермен, дәретханалармен, зағиптар үшін бағыттаушы белгілермен қамтамасыз етуге 1,7 млрд теңге қарастырылған.Олар: ауруханалар, дәріханалар, ойын-сауық орталықтары, дүкендер. Дегенмен, кәсіпкерлер тарапынан әлеуметтік жауапкершілікті сезінбейтіндер де жоқ емес. Оларды тек айыппұлмен жазалуға тура келеді. Өткен жылы елімізде мүгедектігі бар жандар үшін қолайлы жағдай жасамаған 300-ге жуық нысанның басшысына 60 млн теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдардың арыз-шағымымен тікелей айналысатын әлеуметтік иснпекторлардың қызметі пайда болмақ.

Комитет басшысының айтуынша, inva.gov.kz сайтында 9 мыңнан астам нысан туралы деректер енгізілген. Яғни, ол арқылы түрлі объектілердегі пандус, арнайы лифт және өзге қажетті жағдайлардың бар немесе жоқ екенін көріп отырамыз дейді ол.Әлі де алдағы екі жылда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін 13 мыңға жуық нысанды бейімдеу жұмысы тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.