Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әлемді алаңдатқан індет

c 19:30, 28/01/2020 c 719

0:00 / 0:00

Қытайдан келген 4 қазақстандық өткір респираторлық вирустық инфекция жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Олардан  қан сынамасы алынды. Үш тәуліктің ішінде жан-жақты диагностика жасалады. Қытайдан 25 858 адам Қазақстанға келген. Олардың ішінде өз азаматтарымыз бен шетелдіктер бар. Бүгінде дене қызуы көтерілген 23 адам анықталып отыр. Бұл жайында денсаулық сақату министрі Елжан Біртанов үкіметте өткен брифингте мәлімдеді. Өздеріңізге мәлім, Қытайда өткен  жылдың желтоқсан айынан бастап белгісіз коронавирус жұқпалы ауруы тарала бастады. Бүгіні күні қытайда 106 адам осы аурудан көз жұмды.  Қытай Хубэй провинциясындағы он қаланы "жауып" тастады. Оның ішінде Ухань қаласы бірінші "жабылды". Себебі қауіпті індет 11 миллионнан астам тұрғыны бар осы қаладан шықты. Еліміздің сыртқы істер министрлігі, осы Уханьдағы 98 қазақстандық студентті елге әкелеміз деп мәлімдеп отыр.

Қытайда пайда болған індет бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Бүгінде көрші елдің 30 провициясында 4,5 мың адам короновирусты жұқтырған. Ендігі 106 адам осы аурудан көз жұмды. Бұл ауру әлемнің 15 еліне тарап 80 науқас тіркелді. Бүгінгі күні Қытайдан 26 мыңға жуық адам Қазақстанға келген. Олардың ішінде Қазақстан азаматтарыммен қатар шетелдіктер де бар. Осылардың арасында дене қызуы көтерілген 23 адам анықталды. Төрт адам ауруханаға жатқызылды.

Елжан Біртанов – ҚР денсаулық сақтау министрі; "Барлығын бақылауға алдық. Төрт адам "Сан алуан инфекциясы бар" деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Енді, вирустық инфекциялардың нақты айырмашылығы болмағаннан кейін біз оларды өткір респираторлық вирустық инфекция жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқыздық. Қан сынамасы алынды. Үш тәуліктің ішінде жан-жақты диагностика жасалады".

Өткен жылдың соңында Қытайдан шыққан короновирус індеті 11 млн тұрғыны бар Ухань қаласынан тарай бастады. Қытай билігі ең алдымен осы қаланы жауып тастағанды. Ал Уханьда оқып жатқан қазақстандық студенттер елден көмек сұрап әлеуметтік желіге шыққан болатын. Олар ішетін тамақтары  таусылғанын, қарапайым бет перде жоғын айтып шағымданды. Енді сыртқы істер министрлігі  Уханьдағы 98 студентті  елге әкелеміз деп отыр.

Сақтықта қорлық жоқ демекші, дәрігерлер азаматтарға сақтану жолдарын ұсынуда. Адам көп жиналатын жерлерді, медициналық мекмелерінде бетперде тағып жүруге кеңес берілді.

Ал Қытайдан  поштамен келген тауарлардан қауіп жоқ дейді бас санитар. Бұл вирус адамнан адамға немесе малдан жұғады. Еліміздің бас дәрігерінің  айтуынша, 6 қаңтардан бері Қытаймен арадағы барлық шекара бекетінде елге кіретін азаматтар арнайы құралдармен тексеріліп жатыр. Барлық адамға анкета жасалады. Артынан тіркеуге алынады. Елдегі инфекциялық ауруханаларда қосымша 4 500 қосымша кереует қойылған. Онымен қоса,  үкіметтің резервінен қосымша қаржыға тапсырыс бердік деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.