Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

c 19:13, 15/02/2021 c 341

0:00 / 0:00

Интернет алаяқтардан сақ болыңыз! Өткен жылы мұндай 14 мың қылмыс жасалса, биыл қаңтар айында 1700-ден аса алаяқтық жасаған қылмыс тіркелді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше,  интернет алаяқтарды анықтау бойынша ақпанның 9-11 аралығында «Anti-Fraud» операциясы өткізілді. Үш күнде 300-ден астам қылмыс тіркеліп, бұрын жасалған 289 алаяқтық қылмысы ашылды.

Заман талабына сай, интернетте отырып-ақ сауда жасап, қалағаныңа тапсырыс беріп, карта арқылы төлем жүргізіп, үйге  дейін жеткізіп аласың. Алайда, бұл салада алаяқтарға тап болуың да мүмкін. Полицейлердің айтуынша, алаяқтық қылмысының көп тараған түрі – ол интернет алаңдарда тауар сату немесе қызмет көрсетуге байланысты. Олар тауар бағасын төмен бағамен белгілейді, сондай-ақ қызмет көрсету құнын төмендетіп көрсетеді. Алаяқтар тауар сатып алушыларға бөтен адамның атына рәсімделген шоттарға төлемді толықтай немесе ішінара жасауды сұрайды.

Нұрмағамбетовтің айтуынша, микронесиелік ұйымдарда онлайн қарыздарды заңсыз рәсімдеу жиілеп кеткен. Қылмыскерлер интернет арқылы азаматтардың жеке мәліметтерін алуға тырысады. Сонымен қатар  банк карталары мен депозиттердегі қаржыны заңсыз иемдену үшін жеке мәліметтерді алудың түрлі тәсілдерін қолданады. Бұл елде орын алып отырған қылмыстардың 10 пайыздан астамы.

Қанат Нұрмағамбетов – ҚР ІІМ  департамент басшысының орынбасары -«Алаяқтар ватсап желісі арқылы да хабарласып, сіздің сатып жатқан затыңызды алу үшін бастапқы соманы жіберейін деген едім дейді. Ол үшін сізге сілтеме жіберіп, соны толтырыңыз дейді. Ол сілтемені ашқаныңызда, ар жақтағы адам сіздің барлық мәліметтеріңізді біліп алады да картаңыздағы, есеп-шоттағы ақшаңызды өзіне аударып алады».

Осылайша алаяқ қылмыскерлер ақша жымқыру мен жеке мәліметтерді алуға, аккаунттар мен электронды шоттарға қол жеткізуге бағытталған әрекеттерді жасауда. Тәжірибе көрсеткендей, бір алаяқтың соңынан заңсыз әрекеттердің тұтас тізбегі жалғасып жатады. Өкінішке оарй, бұл қылмыс пандемия кезінде өршіп кетті. Өткен жылы мұндай 14 мың қылмыс жасалса,  биыл қаңтар айында 1700-ден аса дерек тіркелген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.