Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АҚЫЛЫ ВАКЦИНА КІМГЕ КЕРЕК?

c 09:05, 09/12/2021 c 1397

0:00 / 0:00

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың пікірінше ақылы Pfizer вакцинасын салдыру шетелге жиі шығатындарға керек. «Еуропаға баратын ақшаң болса, ақылы вакцина ал»-дейді министр. Әзірге Цой Pfizer екпесінің құны қанша болатыны белгісіз дейді. Қазір Pfizer мен BioNTech компаниясынан ақылы вакцинаны жеткізу туралы келіссөз жүріп жатқанын айтады. Бұл жайында ол Парламент Мәжілісінің дәлізінде журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.

Ендігі елге жеткен Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы қазір балалар мен жүкті және емізулі баласы бар әйелдерге салынып жатыр. ДСҰ-мен ұсынылған американдық екпені жасатқысы келетіндер көп. Министрлік өзге санаттағыларға оны ақылы түрде салатынын хабарлағанды. Әзірге ақылы вакцина елге жеткізілген жоқ. Pfizer вакцинасын шығаратын компаниямен келіссөз жүріп жатыр. Нақты бағаны айта аламыз. Әзірше белгісіз. Алдағы 1-2 айда жеткізілім болады. Вакцинаны күтіп отырмыз-деді министр Алексей Цой. Алайда, бұған дейін Цойдың орынбасары Ажар Ғиният Pfizer 20 доллар тұратынын айтқан болатын. Ал, неге Pfizer вакцинасына үстемдік беріліп, ақылы болып отыр? Халық неге ақшасын төлеп, осы екпені алуға ниетті? Министрдің айтуынша, бұл екпе шетелге шығатындар үшін ғана керек. Еуропаға барғысы келетіндер, ақысын төлесін дейді ол.

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ «Ерекше брендке құмармыз. Pfizer вакцинасы не үшін керек? Көбісі шетелге шығу үшін сұрайды. Еуропаға баратын ақшаңыз болса, онда екпенің ақысын төлеңіз. Қазақстанда 5 вакцина бар. Бір елде сонша вакцина жоқ. Бір-екі екпеден ғана бар. Басқа елдерде солай өз вакциналарын сенбейді. Казвак алыңыз. Ол мықты»

Айта кету керек, Цойдың өзі қазақстандық екпені салдырған еді. Қазір ДСҰ-мен отандық екпені әлемге мойындату жұмыстары жүріп жатыр. Министр қолымызға түсіп тұрғанда оның айлығы мен азық-түлікке жұмсайтын шығынын да сұрап алдық. Еліміздің бас дәрігері өзге әріптестері сияқты 900 мың теңге айлық алады екен. Ал отбасы тамаққа аптасына 70 мың теңге жұмсайды.

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ «Стандарт ғой. Менің де айлығым әріптестерімдікі сияқты 900 мың теңгені құрайды. Ал отбасымның азық-түлікке шығынан келсек. 5 адамға аптасына 70 мың теңгеге тамақ аламыз. Отбасылық шаралар болса, одан да көбірек шығын шығады. Біз де адамбыз ғой, дүкенге барамыз».

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі мектепте оқитын ұлы сыныптастарымен бірге Pfizer вакцинасын салдырғанын айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.