Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІКТЕР ӘКІМНІҢ ОСТАВКАСЫН ТАЛАП ЕТУДЕ

c 09:39, 14/06/2022 c 475

0:00 / 0:00

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өз қалауымен отставкаға кетпейді. Оның осы қызметте қалу, қалмауын бір кісі шешеді. Ол -Президент. Елордада журналистермен өткен баспасөз маслихатында әкімге қойылған сұрақтардың басым бөлігі оның отставкасына қатысты болды. Айта кетейік, соңғы жылдары Оразалиннің жұмысына көңілі толмаған ақтөбеліктер облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің отставкаға кетуін талап етіп, әртүрлі петиция жарияланған болатын.

Ел астанасына ат басын тіреген Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинді елордалық тілшілер құшағын жая қарсы алды деп айта алмаймыз. Дәстүр бойынша өңірді дамыту барысы бойынша әдемі сандармен баяндамасын аяқтаған соң. Әкімге 20-дан ас сұрақ қойылды. Оның басым көпшілігі Оразалиннің отставкаға кетуін талап еткен ақтөбеліктердің назына қатысты болды. Соңғы жылдары әлеуметтік желіде Оразалиннің отставкаға кетуі туралы петицияға қол жиналып жатыр деген ақпарат көп тарауда. Облыс тұрғындары әкімді жол сапасы үшін сынады. Тіпті, өңірдегі шошқа базының жабылуына қатысты да шу шыққаны есімізде. Айта кетейік, бір жылдан аса уақыт бұрын шошқа базы орналасқан кент тұрғындары экологиялық норма бұзылды деп шағымданған болатын. Ал қаралы қаңтар қақтығысында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өзге әріптестері сияқты бас көтерген халықтың алдына шықпады. Ол наразы топтың ортасына қала әкімін жіберді. Әкімнің бұл әрекеті де сыналды. Алайда Оразалин мырзаны ешбір сын сындыра алмайды. Ол халық талабына құлақ асып, азаматтық танытып жұмсақ орнын қиып кетпейді. Оның әкімдіктен кетуін бір ғана кісі шешеді екен.

Ал әкімге көңілі толмаған ақтөбеліктердің қол жинап, шағымдануына Оразалиннің бойы үйреніп алған сияқты. Петицияға қол жинап жүргендердің артында белгілі бір адамдар тұр дейді ол.

Еліміздегі ірі облыс болып табылатын Ақтөбені басқарып отырған Оңдасын Оразалиннің айлығы 2 миллион теңгеге жуықтайды. Әкімнің қызмет көлігі Қазақстанда жиналатын Kia маркалы. Оның құны 25 млн млн теңгені құрайды. Сондай-ақ, интернетте Оразалин мырзаның облыс аумағын тік ұшақпен ұшып, аралағаны жайында фото тарады. Өңірдегі сапасыз жолмен жүргісі келмеген әкім тік ұшақты жөн санаған деген пікірлер де айтылды. Әкімнің тік ұшақпен ұшуы бюджетке салмақ салатыны сөзсіз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.