Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әкімнің есебі

c 20:45, 12/02/2020 c 764

0:00 / 0:00

1 млннан астам халқы бар Нұр-Сұлтанның даму барысын баяндаған әкім Алтай Көлгінов, елордада шешімін таппай жатқан мәселе көп екенін мойындады. Бүгінде үлескерлер проблемасы, мектептердегі орын тапшылығы, баспана сұрап бас көтерген көпбалалы аналардың талабы әкімінің бас ауыртатын басты мәселесіне айналған. Бүгінде Нұр-Сұлтанда 8 мектеп үш аусымда оқиды. Орын тапшлығын жою үшін әкім Көлгінов алдағы бес жылда 50 мектеп саламыз деп отыр. Оған қоса қарлы астананың бораны да ес жиғызбай жатыр. Бүгін әкімнің халық алдындағы есебіне 3 мыңға жуық қала тұрғыны жиналды. Сұрақ көп болды.

Мәтін. Байқағанымыз елорда әкімі Алтай Көлгінов есеп беру отырысына әбден дайыдалған.  Астана концерт залына жиналған қауымды кіре берісте әкімнің нөкерлері  жеке қабылдап, арыз-шағымдарын тіркеп те жатты. Әкім 1 млн 200 мың тұрғыны бар мегаполис қаланы қалай дамытып жатқанын баяндады. Әрине қалаға көшіп келіп жатқандар саны артуда. Сонымен қатар бала туу да өсті.

Құрылыс жұмыстары қарқынды дамып, көркейіп жатқан елорданың сырты бүтін болғанымен, ішкі мәселесі көп. Сол себепті де тұрғындардың сұрақтары да көп болды. Үлескерлер проблемасы қала басшылығының күн тәртібінен түспейді. Бүгінде үлескерлер ақша құйып, қол жеткізе алмай жүрген 76 проблемалы тұрғын үй құрылысы аяқсыз тұр. Әкім бәрін шешеміз деп үміттендірі. Баспанаға мұқтаж жандар саны артып отыр.

Қарлы астананың боранымен күресу де әкімге оңай болып жатқан жоқ. Биылғы жауға қардың көлемі нормадан 3,5 есеге артты. Есесіне коммуналдық қызметтің жұмысы тұралап қалды. Елордалықтардың әкмідікке тағып жатқан сынының бірі осы. Ал қара тазалаушылар болса, қызметкерлер санын қысқартып, үлгермей жатырмыз деп шағымданды.

Толассыз жауған қарды тазалау жұмыстары әлі жалғасуда. Аулалардағы үйінділерді жинағанша, көктем де есігін қағып тұр. Бұл қар ерісе, Нұр-Сұлтандықтарға қайықпен жүруге тура келеді. Әкім Көлгінов 2 млн куб қарды шығардық, ендігі көктемнің әлегіне қарсы жұмыс басталып, арнайы штаб құрылғанын айтады.  Есеп беру барысында, журналистер  елордадағы Байқоңыр ауданы әкімінің жемқорлықпен ұсталуына байланысты Көлгіновке  отставкаға кетесіз бе деген сұрақ қойды.

Айта кетейік, Байқоңыр ауданының экс-әкімі  Асқар Есіловке мердігерге абаттандыру жұмыстарды алуға жәрдемдескені үшін пара түрінде iPhone-ның соңғы үлгісін алды деген айып тағылғанды. Экс-әкім  өз кінәсін толық мойындап, қамауға алынған жоқ. Айтпақшы оның әкесі Сансызбай Есілов те осы жиынға қатысты.  Ол бұрын қала әкімінің орынбасары болғанды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.