Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӘКІМДЕР МЕН МИНИСТРЛЕРДІҢ ТУЫСТАРЫНА ШЕКТЕУ ҚОЮ КЕРЕК ПЕ?

c 19:05, 21/04/2022 c 583

0:00 / 0:00

Әкімдер мен министрлердің де туған-туыстарының лауазымды қызметке келуіне шектеу қою керек пе? Өздеріңізге мәлім Президенттің отбасы мүшелеріне, туғандарына, жекжаттарына, ерлі-зайпытының туыстарына басшылық қызметке келуге шектеу қойылады. Ол үшін «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңына және басқа да бірқатар заңға өзгерістер енгізіледі. Бұл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауында айтқан ұсыныс болатын. Енді қоғамда перзидентке қатысты шектеулерді әкімдер мен министрлерге де қолдану туралы пікірлер айтылып жатыр. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл ұсынысты қарастыруға болады деді.

«Президент туралы» конституциялық заң қабылданған соң, президенттің жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор кәсіпорындары басшысы лауазымын атқаруына тыйым салынатын болады. Осылайша Президенттің отбасы мүшелеріне, туғандарына, жекжаттарына, ерлі-зайыптының туыстарына басшылық қызметке келуге шектеу қойылады. Енді қоғамда президентке қойылған бұл шектеулерді әкімдер мен министрлерге де қолдану керек деген ұсынысты алға тартты. Себебі бізде әкімдер мен шенеуніктердің жылы орынға жайғасқан туыстарын жиі кездестіруге болады. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев бұл ұсынысты қарастыруға болатынын айтты.

Өздеріңізге мәлім, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың билік ісіне араласатын өкілеттіліктері алынып тасталды. Қазір ол еліміздің тұңғыш перзиденті деген статусын ғана сақтап қалды. Назарбаевтың өзін және отбасын қорғайтын заң бар . Елбасы мемлекеттік күзеттің қорғауында, дүние-мүлкі сақталып қалған. Оны және отбасы мүшелерін қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды. Қоғамда «Тұңғыш Президент» туралы заңға өзгеріс енгізу қажет деген пікір айтылып жатыр. Әділет министрі Қанат Мусин егер Президент неменесе Парламент елбасын қорғайтын заңға өзгеріс енгізуді ұсынса ғана бұл мәселені қарастырамыз деген болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.