Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әкім отставкаға кете ме?

c 18:20, 19/11/2019 c 631

0:00 / 0:00

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов орынбасары Бағдат Манзоров үшін отставкаға кетуге дайын ба? Бұл жайында әкім бүгін елордада өткен баспасөз маслихатында айтты. Алматы облысының әкімі бұл қызметке жабысып отырмағанын, ол мәселені Президент шешетінін айтып, ақталды. Еске сала кетейік, орынбасары Бағдат Манзоров пара алды деген күдікпен қамауға алынып,кейін босатылған болатын.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың елордаға келіп дәстүрлі баспасөз маслихатын өткізудегі мақсаты-өңірді дамыту барысында атқарған істі баяндау еді. Алайда, брифингке келген журналистерді Баталовтың қол астындағы орынбасары Бағдат Манзоров үшін жауапкершілігі болды көбірек мазалады. Еске сала кетейік, Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат манзоров пара алды деген күдікпен қамауға алынған болатын. Тіпті Манзоровтың өзіне қатысты тергеу жұмысы басталғанын мойындағанын айтқан еді. Жақында Бас прокуратура Манзоровқа қатысты тергеу жұмыстарын тоқтатып, ол босатылды. Ал істі жүргізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік бұл шешіммен келісіп отырған жоқ. Осылайша Манзоровтың көпшілікке аян болмай отырған ісі екі құзырлы органды теке тірестіріп қойды. Ол болса жұмысын жалғастыруда. Өз кезегінде әкім орынбасарын жұмыстан шығаруға қимай отыр. Тіпті  Манзоровқа еңбек демалысын алуға мүмкіндік берген.

Амандық Баталов - Алматы облысының әкімі; «Қазір тергеу жүріп жатыр. Ол жұмысын істеп жүр. Мен осы жағдайда оған өтінішіңді жаз да, жұмыстан кет. Бар мәселеңді шеш дей алмаймын. Адамгершілік болу керек ғой. Бұл кез-келгеннің басына келуі мүмкін».

Егер орынбасарының сыбайлас жемқорлыққа қатысы бары сотпен расталса, әкім азаматтық танытып оставкаға кетуге дайын ба? Баталов бұл сұрақтан «президенттің қолында тұрған шаруа»- деп құтылды.

Ал әкім орынбасары өзіне қатысты іс тапсырыспен жасалған деген пікірде. Ол бұл туралы жақында БАҚ берген сұхбатында баяндады.Манзоровтың сөзіне жауап берген сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі мемлекеттік қызметкердің ісіне қатысты тергеу жұмысында өз позицияларын ұстануда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.