Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӘКІМ БОЛУ ОҢАЙ МА?

c 11:04, 13/12/2021 c 1561

0:00 / 0:00

«Әкім бол, халқыңа жақын бол» қағидасын ұстанып жүрген әкімдер бар ма? Жалпы ірі қаланы басқару қаншалықты қиын? Мегополис қаласының халқының айлығы қанша? Халыққа қызмет етіп жүрген әкімдердің табысы мен азық-түлікке шығыны қандай? Бұл сұрақтар әкімдердің дәстүрлі брифифнгінде жиі қойылып жүр. Елордаға ат терлетіп келген Алматы мен Шымкент қалаларының әкімдері баспасөз маслихатына бірінен соң бірі шығып, тілшілердің қарша жауған сұрақтарына шамасы келгенше төтеп беруге тырысты.

Ресми деректер бойынша Алматы қаласы халқының саны 1миллион 700 мың адамды құрайды. Ал бейресми дерекке сүйенсек, қаланың 2,5 миллион тұрғыны бар. Мегаполис қаланың шешімі табылмай жатқан проблемалары да жоқ емес. Себебі, қала тұрғындарының саны артуда. Экологиясы, қаладағы көлік кептелісі тұрғындардың басты мәселесіне айналды. Байқағанымыздай ірі қаланы басқаруға экс-премьерлер жиі тағайындалады. Қазіргі әкімі де бұрынғы үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевты халқы мақтап та, сынап та жатады. Әкім алматылықтардың тілін табуға тырысып жатырмын дейді. Әр тұрғынның өтініш-шағымы назардан қалмайды деп сендірді. Дегенмен, оңайға түсіп жатқан жоқ дейді.

Сағынтаевтың айтуынша, оңтүстік астананың халқының табысы да жаман емес.

Елордаға ат терлетіп келген келесі әкім- шырайлы Шымкент қаласының басшысы Мұрат Әйтенов болды. Ағымдағы жылы мегаполис қаланың халық саны бір миллионнан асты.Бұл еліміздегі Алматы мен Нұр-Сұлтаннан кейінгі үшінші ірі қала болып табылады. Үлкен қаланың проблемасы да көп. Шымкенттің әуежайы ірі қала статусына сай емес, көше жолдары, газдандыру мәселесі, әлеуметтік мәселелер әлі де шешімін таппаған. Дегенмен, әкім қаланың экономикалық-әлеуметтік дамуы жақсарды деп отыр. Ал әкім болып, елег қызмет ету үлкен ауыртпашылық дейді Әйтенов, Сондықтан да әкімдердің айлығы атқарған еңбегіне сай деп есептейді. Бірақ әкім мырза айлығының нақыт қанша екенін атаудан бас тартты.

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ – ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ "Менің барлық әріптесім бірдей алады, оның ішінде мен де бармын. БАҚ-та талай айтылды. Ол үкімет қаулысымен бекітілген. Менің жалақым қанша екенін сіздер өте жақсы білесіздер. Ал азық-түлікке қанша ақша жұмсаймыз? Мен мемлекеттік қызметкермін, үйдің шаруасымен айналысуға уақытым жоқ. Сондықтан жұбайыммен өз міндетімізді бөлісіп алғанбыз.Үйдің жұмысы әйелімнің мойнында. Күн-түн сонымен айналысады. Сол үшін әйеліме рақмет айтамын. Сондқытан үйдегі шаруаға алаңдамаймын»

Әрине әкімдер мен министрлердің бәрі бірдей тапқан табысын жариялағасы келмейді. Дегенмен, қымсынбай айтқандар- Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ай сайын 1 миллион 900 мың теңге, Қызылорда облысының басшысы Гүлшара Әбдіқалықова 1,8 миллион теңге табады. Ал Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айлығы – 1 миллион 954 мың теңге. Ал Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой шамамен 900 мың теңге жалақы алатынын айтқан еді.
Сондай-ақ, Шымкент шахардың басшысы өз аймағы сыбайлас жемқорлықтан таза екеніне сенімді. Ал шымкент басшысы айлығын нақыт атамады. Журналистің жемқорлық орын алған аймақтар бойынша Шымкент көш бастап тұрған қалалар тізімінде деген сұрағына ренжіп те қалды.\

Ал күні кеше ғана сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов ағымдағы жылы республикада 1,5 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Оның көбісі Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Түркістан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында орын алған деп мәлімдеген еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.