Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Ақ Жол» жастарды қолдайды

c 09:44, 22/12/2020 c 721

0:00 / 0:00

«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы жастармен сайлауалды шарасын өткізді. Партия төрағасы Азат Перуашев бастаған топ, ақжолдықтардың бағдарламасын насихаттады.

Сайлауалды науқан қызып тұр. Парламент Мәжілісінен үмітті бес партияның үгіт-насихат жұмысы, халыққа ұсынып жатқан бағдарламасы бірінен-бірі өткен. Саясаттанушылар бұл сайлау ерекше болады деп отыр. Қазір қазақстандық жастардың саяси көзқарасы, ұстанымы өзгеше. Ал жаңа талап бойынша партия тізіміндегі жастардың үлесі 30 пайызды құрауы керек. Бұл да жастардың елдің шаруасына белсене араласуына мүмкіндік бермек. «Ақ жол» партиясы өз кезегінде жастарды қолдайды. Партия құрамына кірген жастардың көбі кәсіпкерлікпен айналысып жүргендер.

Саяси партиялар ұсынған тізімге назар аударсаңыз, билік партиясы парламенттен басым орынға үмітті.  Тіпті «Нұр Отан» болашақ депутаттарын праймериз арқылы таңдағаны есімізде. Бір қызығы билік партиясының бұл әрекеті өзге саяси партиялар үшін тиімді болды.Соның арқасында «Ақ жол» партиясына мүше болуға ниет білдірген жастар саны күрт артқан.

Сайлаудың барысын болжап отырған сарапшылардың бағалауынша, бұл сайлауға адам көп бармайды. Әсіресе жастар. Ал сауалнама көрсеткендей, респонденттердің 50 пайызы елге түбегейлі өзгеріс қажет екен деп санайды. Айта кетейік, ақжолдықтардың да сайлауалды бағдарламасы «Түбегейлі өзгеріс қажет» деп аталады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.