Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақ халаттылар салауатты өмір салтын ұстануға шақырады!

c 18:17, 28/05/2018 c 634

0:00 / 0:00

Шаһарымызда облыстық деңгейде медициналық қызметкерлер арасындағы спартакиада болып өтті. Жарыс "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында оздырылған болатын. Бұл күні спорттың 6 түрі бойынша 500-ден астам медицина маманы командалық үлесте күш сынасты.

Салауатты өмір салтын насихаттауды өзінен бастаған абзал. Медицина қызметкерлері "ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу қажет",- деп санайды. Жарысқа барлық аудандар мен қаладағы медициналық мекеме қызметкерлері қатысып отыр. Дәстүрлі жарыс осымен 15ші мәрте өткізілуде.

Үстел теннисі, футбол, воллейбол, жеңіл аттлетика, асық ату, жүгіріс, арқан тартыс сынды спорт түрлерінен бақтарын сынасқан командалық жарыс тартысқа толы болды.

Ұжымдық үлгіде спорттан шеберліктері сынға түскен ақ халаттылар өзара тәжірибемен алмасып, бірлесе жұмыс жасаудың ұтқырлығын дәлеледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.