Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әйтиев көшесінде орналасқан жоғарғы спорт шеберілігі мектебінің залында "Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы" мегажобасының аясында Теректі ауданы мен Орал қаласы командаларының арасында шағынфутболдан жарыс оздырылды.

c 00:00, 28/04/2015 c 745

0:00 / 0:00

"Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы" мега жобасы аясында басталған эстафета облысымыздың 12 ауданын шарлап, Теректі ауданына да жеткен болатын. Қазақ хандығының 550 жылдығы мен ҚХА-сының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға қала және аудан әкімдігінің басшылары мен арнайы қонақтар шақырылған. Шағын футболдың ережесі бойынша алаңға тек бес ойыншы шығуы қажет. Араларында аяқ добының хас шеберлерімен қатар, әуесқой спортшылар қатысқанына қарамастан, тартысты ойын көрсете білді. Қатысушылар ең бастысы еліміздегі халықтар арасындағы татулық туының биіктен желбірей беруіне өз үлесімізді қосуымыз қажет деген үндеулерін жеткізді. Сондай-ақ бұдан бөлек "Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы" мега жобасы шеңберінде волейболдан жарыс оздырылмақшы. Ал қортынды бас қосу қазақ драма театырында жалғасын таппақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.