Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әйелдердің зейнет жасы ұлғаяды

c 08:57, 09/11/2017 c 755

0:00 / 0:00

Екі айдан соң, яғни келер жылдың қаңтарынан елімізде әйелдердің зейнет жасы ұлғаяды. Бұған қоса, зейнетақы жинақтары енді бірден емес, бәрі жыл бойына ай сайынғы төлемдер түрінде берілетін болады. Бұл туралы бүгін Батыс Қазақстан облыстық әкімдік ғимаратында өткен жиын барысында белгілі болды. Бүгінде облыс халқының 53 пайызы экономикалық тұрғыдан белсенді саналады. Жұмыспен қамтылған бұл азаматтардың зейнетақы жинағы болса, 300 млдрқа жуық қаражатты құрап отыр. Бұл көрсеткіш елдегі зейнетақы қоры жинағының 4 пайызы. Қазір зейнетақы жинақтары мемлекеттің құнды қағаздарына, екінші деңгейлі банктердің қаржы құралдарына салынуда. Ал келер жылдан бастап зейнетақы төлемдерін беру тәртібі өзгереді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетке шыққандар өз шоттарындағы ақшаны ай сайын алып отырады. Яғни бұрындары әр азаматтың жинаған қаржысы зейнетке шыққан соң бірден берілсе, енді бұл қаржы бірнеше айға бөлініп тасталады. Бұл ретте айта кететін жайт, егер адамның шотындағы жинақталған зейнетақы мөлшері 12 минималды зейнетақы мөлшерінен аспаса онда ақша біржолғы төлеммен беріледі екен. Жиын соңында БЖЗҚ-ның аймақтық бөлімі мен облыстық әкімдік арасында ортақ меморандумға қол қойылып, осылайша зейнетақы қорының жаңалықтары мен насихат жұмыстары жерлікті билікпен бірлесе атқарылмақ.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.