Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АЭС ҚҰНЫ ҚАНША БОЛМАҚ?

c 18:43, 23/02/2022 c 474

0:00 / 0:00

Президент Қасым –Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлармен өткен кезекті отырыснда жекешелендіру мен атом станциясына қатысты мәселелерді тағы көтерді. Мәлім болғандай Қазақстан ядролық реакторды салу үшін американдық, жапондық, ресейлік және франция технологиясын зерттеп жатыр. Мәлім болғандай болашақта салынатын Атом электр станциясы қажетті электр энергиясының тек 12 пайызын ғана қамтиды.

Әрине, АЭС салу қымбатқа түседі. Әлі күнге дейін радиоактивті қалдықтарды қайда сақтаудың, оның қауіпсіздігіне қатысты тиімді жолы табылған жоқ. Әлем елдерінің бірі ядролық реактордың қажеттігін айтса, енді бірі одан бас тартып жатыр. Ал көмірге тәуелді болып отырған Қазақстан одан арылу үшін, АЭС салу керек деген пікірде. Ал қазіргі заманғы реакторлар өте қауіті және әр сатнциясы мыңдаған тонна қалдық шығарады. Оны мың жылдап сақтау керек. Болашаққа қалдыратын сыйымыз осы болмақ. Ал қолданысқа енгеніне 60 жыл болған АЭС –да екі ірі апат болғаны есімізде. Дегенмен, жаһандық энергеткиалық тапшылық орын алып отырғанда, мұндай станциялардың қажеттігіне сұраныс артып отырғаны айтылады. Мемлекет басшысы инвесторлармен кездесуінде бұл мәселені тағы да көтерді.

Ал Энергетика министрлігінің депратмент диреткоры Жасұлан Қасенов Қазақстанда салынатын атомдық реактордың болжамдық құнын атады. Оның айтуынша, қуаты 1000-1200 МВт болатын бір атом-энергетикалық блок құрылысының құны шамамен 5 млрд долларды құрайды. Бұл әлемдік нарықтағы құны. Әзірге бұл жобаға қаражат қайдан тартылатыны белгісіз. Сондай-ақ , Президент жекешелендіру мәселесіне де тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік секторды реформалаудың, соның ішінде мемлекеттік кәсіпорындар мен холдингтерді жекешелендіру және IPO-ға шығару жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығын айтты. Сонымен қатар Мемлекет басшысы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне қатысты мәселеге де тоқталды.

Тоқаев шетелдік инвесторлар үшін «ашық есік» саясаты стратегиялық басымдық болып қала беретінін айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.