Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әділеттілік жоқ

c 12:03, 04/06/2020 c 559

0:00 / 0:00

Елордадағы жұқпалы аурулар және онкологиялық ауруханалардың техникалық қызметкерлеріне өтемақы берілмей жатыр. Қауіпті індет-коронавирус таралғалы екі айдан аса отбасын көрмей, карантин режиімнде жұмыс істеп жатқан аурухана жүргізушілері, кір жуушылары, аула сыпырушылар мен жүк тасушылары наразылық шарасын өткізді. Олар аты жаман ауруды жұқтырған науқастармен тікелей байланыста бола тұра, өтемақыдан қағылып отырмыз деп даурықты.

Нұр-Сұлтан қаласында жұқпалы аурулар және онкологиялық ауруханаларға қызмет көрсетіп жүрген 25 адамнан құралған наразы топ әділеттілікті талап етеді. Бүгінде жүргізушілер, кір жуушылар, аула сыпырушылар мен жүк тасушылардан құралған техникалық қызмет көресту тобы короанвирус жұқтырғандармен тікелей байланыста екендерін айтады. Олар да дәрігерлер сияқты карантин барысында үйіне бармай, бала-шағасын көрмей ауруханада жатып жұмыс істеуде. Алайда, бұл топтағы қызметкерлер пандемия барысында қаржылай көмектен қағылып отыр. Яғни науқастаремн байланыста болған медициналық қыземткерлер 850 мың теңгеге дейін өтемақы алып жатса, үш бірдей ауруханаға қызмет жасап жүрген техникалық қызметшілерге өтемақы қарастырылмаған.

Күн-түн көз ілмей жұмыс істеп жатқан жүргізушілердің жалақысы 120 мың теңгені құрайды. Жалпы 400 –ге науқастың төсек-орнын жуып жүрген төрт қызметкердің де еңбекақысы мәз емес. Ал 70 мың теңге айлық алатын аула сыпырушы өтемақы түгілі, бір айдан бері жалақымызды ала алмай жүрміз дейді. Наразы топ министрлікке де, әкімдікке де, аурухана басшыларына да талап-арыздарын айтқан екен. Алайда, одан еш нәтиже шықпаған соң, БАҚ өкілдеріне жүгінуге тура келді дейді олар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.