Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

7 жыл бойы қаңтарылып тұрған жедел саты іске қосылды

c 18:22, 23/02/2018 c 673

Орал қаласында 240 тұрғыны бар көп қабатты тұрғын үй 2011-жылы қолданысқа берілген екен. Алайда жедел сатының аты бар да, заты жоқ күйінде қаңтарылып тұрған. Оны қосуға осы салада қызмет көрсететін компания басшыларының бірі көмектесіп отыр. Кәсіпкер бұл мақсатқа 600 мың теңгеден аса қаражат бөліпті.

5-ші шағын аудандағы 240 пәтерлік тұрғын үйдің айналасында соңғы кезде жиі дау көтеріліп келді. Пәтер иелері үстінен прокуратураға дейін арыз жазылды. Тұрғындардың 30 пайызы ғана үй иелері, қалғандары жалға алушылар. 2011-жылы қолданысқа берілген сәттен құрал-жабдығы ұрланған үйдегі жедел саты жұмыс жасамаған.

Тұрғындардың бірі- Надежда Солодовникова бұл үйдегі белсенді жан. Осы мәселені көтеріп бармаған жері жоқ. Соның арқасында ПИК төрағасын орнынан кетіріпті. Енді демеушілер тауып, үш подъездегі жеделсатыларды жөндеуге ақша тауып отыр. Қала әкімдігінде биыл шаһарда 10 жедел саты "Тұрғын үйді жаңғырту" бағдарламасы бойынша жөнделеді деп мәлімдеді.

Бұрынғы пәтер иелері кооперативінің басшысы орнынан кеткен соң үйді басқаруда, жөндеуде жағымды өзгерістер орын ала береді деп сенеді тұрғындар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.