Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

5,5 МЛРД. ҚАРЫЗ ҚАЙТАРЫЛДЫ

c 00:15, 27/10/2023 c 42

0:00 / 0:00

Жемқорлық пен алаяқтық фактісіне қатысты дау-дамай қоғам назарынан тыс қалмайды. Бұл орайда қақған қыста қала тұрығндарын жылусыз қалдырған Риддер Жылу электр орталығының бұрынғы басшыларына қатысты шу тыйылар емес. Апта басында ғана Қаржы мониторинг агенттігі Риддер қаласының ЖЭО-ның бұрынғы басшылары алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқырып, аса ірі көлемде мемлекетке 4,1 миллиард теңге залал келтірді деген күдікке ілініп отыр деп хабарлағанды. Оларға қатысты іс тергеліп жатыр. Мәлім болғандай еліміздің шығысындағы Риддер қаласында халықтың жылусыз қалуына тек тозығы жеткен құбырлар ғана емес, оған бөлінген қаражатты жымқырғандардың да әрекеті себеп болды. Агенттіктің хабарлауынша, ендігі істі болып жатқан тұлғалар мемлекет алдындағы 5,5 млрд теңге қарызын өтеп те үлгеріпті.

Риддер ЖЭО-ның бұрынғы лауазымды тұлғалары жөндеу жұмыстарына арналған қаражатты ұрлаған, нәтижесінде қала тұрғындары жылу энергиясын беру кезінде станция бірнеше рет істен шыққан. Енді мемлекетке қайтқан қаражат бойынша сұрақ туады. Мемлекетке қайтарылған қаржының ішінде жалақы және салық міндеттемелері тұр. Ал тозығы жеткен жылу беру құбырларын жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жылумен тұрақты түрде қамтамасыз етуге қаржы қайдан бөлінеді? Қазір елдегі ЖЭО мемлекетке қайтарып алу жұмысын жүргізіп жатыр. Алайда ЖЭО тонап, тоздырған бұрынғы иелерінің өтеген қарызы қалаларды жылумен қамту мәселесін толық шешпейтіні мәлім.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.