Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

450 мың адам есірткіге тәуелді

c 20:27, 13/11/2019 c 692

0:00 / 0:00

Қазақстанда халық санының 2 пайызы есірткіге тәуелді. Парламент Мәжілісінің депутаттары бүгінгі күні нашақорлықапен күрес, оның алдын алу шаралары бәсеңдеп қалғанын айтып, дабыл қағады. БҰҰ –ң мәліметінше, есірткіден көз жұмғандар саны бойынша әлемнің 93 елінің ішінде Қазақстан 33 орында тұр. Елде жылына 40 тоннаға дейін есірткі түрлері тәркіленеді. Мәжілісмен Қанат Мусин бастаған депутаттық топ Үкімет басшысына сауал жолдап, қысқа уақыт ішінде заңсыз есірткі таратумен күрес бағдарламасын әзірлеуді сұрады.

Егер денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, есепте тұрған нашақорлар саны соңғы бес жылда 22 мыңға азайған. Ал «СПИД» ұлттық орталығының дерегінше екі жыл бұрын 15 жастан жоғары жастағы нашақорлар саны жалпы халық санының 1 пайызын құрады. Осылайша екі мәліметті назарға алсақ, егу арқылы наша қолданатындар 150 мың адамды құрап отыр. Ал есепте тұрмағандар саны 450 мың адам.

Қанат Мусин –ҚР парламент мәжілісінің депутаты; «Елдегі нашақорлар санына қарап, есірткіні егу арқылы емес, басқа жолмен қабылдайтын, есепте тұрмағандар саны 450 мыңды құрайды. Бұл жалпы халық санының 2 пайызы есірткіге құмар деген сөз».

БҰҰ мәліметінше, нашақорлықтан көз жұмғандар саны бойынша 93 елдің ішінде, Қазақстан 33 орында тұр. Ал есірткі құмарлықты зерттеу орталығы 18 жыл бойы бірді-бір зерттеу жүргізбеген. Есірткі бизнесімен күрес бағдарламасы да жыбылып қалған. Ал елде жылына 40 тонна заңсыз айналымдағы есірткі түрлері тәркіленеді. Депутат  жастар арасында синтетикалық есірткінің кең тарауына интернет әсер етіп отыр дейді. Әлем бойынша 483 психикалық белсенді заттар тікрелсе, оның 60 түрі Қазақстанда таратылады.

Қанат Мусин –ҚР парламент мәжілісінің депутаты; «Интернет –дүкендерінде синтетикалық  есірткі заттары қолжетімді. Онда есірткі әзірлеу үшін барлық жабдықтар да бар. Тіпті оны әзрілеп, өз өндірісін жүргізем дегендерге оқуы да бар.Сайттарда  ақша тауып, есірткі таратқысы келетіндерді үгіттеу ашық жүріп жатыр. Қазақстанда осындай 5 мың сайт анықталды»

Мусин бастаған депутаттық топ Үкімет басшысы Асқар Маминге жолдаған сауалында,қысқа уақыт ішінде нашақорлықпен күрес, оның алдын алу, заңсыз есірткі бизнесін тоқтату шаралары бойынша бағдарлама әзірлеуді ұсынды. Сондай-ақ, есірткі құмарлықты зерттеу орталығының жұмысын жандандыруға кеңес берді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.