Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

42500 теңгенің дауы

c 02:23, 21/04/2020 c 848

0:00 / 0:00

Қауіпті індеттің таралуына қатысты, елде енгізілген Төтенше жағдай барысында табысынан айырылыған азаматтарға мемлекет 42500 теңгеден әлеуметтік төлем беріп бастады. Алайда, бұл төлемге өтініш білдірушілер саны жоспардағыдан асып кетті. Себебі, төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалғандар ғана емес, жаппай бұған дейін жұмыссыз отырғандар, тіпті жалақысы жүріп жатса да осы төлемнен үмітті болғандар, шетелге кетіп қалған, қайтыс болған адамдардың атынан өтініш білдіргендер тіркелді.

Еңбек министрлігі тарапынан өтініш білдірмей жатып, смс хабарландыру алып 42500 теңгеге қол жеткізгендер де бар. Енді, мәлім болғандай бұлардың ішінде аталмыш әлеуметтік төлемді заңсыз алғандар анықталып жатыр. Осылайша, көбісі оны қылмыстық жауапекршілікке тартады екен деген үреймен мемлекетке қайтаруда. 42500 теңгенің дауы жайында бүгін еңбек министрі Біржан  Нұрымбетов осымен жетінші рет онлайн брифинге шығып, ешкімді қылмыстық жауапкершілікке тартпаймыз деп, гу-гу әңгімеге нүкте қойды.

Еңбек министрінің мәліметінше, бүгінгі күні 42500 теңге 3 мнл 690 мың адамға  тағайындалған. Яғни осынша адам бұл бақытқа қол жеткізді. Аталмыш әлеуметтік төлем қауіпті індет тарап елде төтенше жағдай жарияланаған кезден бастап жұмыссыз қалған азаматтарға берілетіні айтылып келеді. Кей азаматтарға өтініш бермей жатып министрліктен смс хабарлама келіп, төлем алып жатқандар бар. Алайда,мемлекеттің беріп жатқан 42500  теңгесінен  үміттілер саны жоспарлағаннан асып кетті. Министр Нұрымбетовтің айтуынша, өкінішке орай жалақы алып отырып немесе өмірден озған адамдарды, шетелге көшіп кеткендерді көрсетіп өтініш білдіріп жатқандар бар. Ал бұл төлемді шынымен табысынан айырылыған азаматтар алғаны жөн еді. Енді соңғы төрт-бес күн бойы қоғамда 42500 теңгені алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартады деген үрейлі пікір тарадуда. Заңгерлер әлеуметтік желіде жарыса жазып жатыр. Мұны оқып, естіген жұрт биліктің бергенін өздеріне қайтарып жатыр. Әзірге министр қанша адам осы соманы қайтарғаны туралы мәлімет жоқ дейді. Ал 42500 теңге үшін қылмыскер болмайсыз деп, нүкте қойды.

Осылайша, елде халықтың жалақысы төмен, зейнетақы мен жәрдемақылар көлемі аз екенін министр де мойындап отыр.  Еңбек министрлігі 3 млнға жуық адамның  өтінішін кері қайтарған. Оның көбісінде есепшоттар дұрыс көрсетілмеген. Жеке куәлігінің деректері дұрыс емес. Оларға осы қателігін түзеп, қайта жіберуге болады. Айта кету керек,қашықтықта жұмыс істеп, жалақы алып отырған мемлекеттік қыземткерлер де қалыспай өтініш білдіріпті.

Сондай-ақ, Біржан Нұрымбетов бірыңғай жиынтық төлем жасап жатқан жеке кәсіпкерлерге өтініш бермей-ақ беріп жатырмыз дейді.Министр ендігі 42500 теңгені алып алғандарға оны қайтарып  әуре болмаңыздар деді.

Бірақ, заңсыз алғандарға бәрібір қайтару керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.