Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ит ату жиілеп барады

c 17:08, 03/05/2018 c 2804

0:00 / 0:00

Оралда балалардың көзінше ит ату жағдайлары жиілеп кеткен. Тұрғындар бұны ветеринарлық станция қызметкерлерінен көріп отыр. Алайда, станция жұмысшылары ондай жағдайдың мүмкін еместігін айтып ақталуда.
Иттің өлексесі түсірілген видеожазбаның ғаламтор желісіне тарап кеткелі көп бола қойған жоқ. Оқиға Оразбаев көшесі 2/1 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің ауласында болған. Кадр сыртындағы әйел итті атып өлтірген ветеринарлық станция қызметкері деп ашынады.
Асель Садықова атты ерікті бұдан бұрын да осындай жағдайдың куәсі болған. Оның айтуынша, ұсталған иттердің көбі арнайы тәлімбаққа жетпейтін көрінеді. Сол үшін де еріктілер көше кезген иттерді өздері аулап, асырайтын көрінеді.

АСЕЛЬ САДЫҚОВА
ЕРІКТІ

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАНУАРЛАРДЫ ҚОРҒАУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ МАҒАН СЕНІМХАТ ЖАЗДЫ. ОСЫ СЕНІМХАТ БОЙЫНША БІЗ ПРОКУРАТУРАҒА, ӘКІМДІККЕ ШАҒЫМ ЖАЗЫП ЖАТЫРМЫЗ. ОЛАР БІЗДІҢ ХАТЫМЫЗҒА ЖАУАП БЕРДІ, ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ 12 ВЕТЕРИНАРЛЫҚ СТАНЦИЯДА ЖАНУАРЛАР ҮШІН ЖАҒДАЙ ҚАРАСТЫРЫЛМАҒАН. ОЛАР БЮДЖЕТ ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ, ӨЗГЕШЕЛІКТЕР БОЛАДЫ ДЕГЕН БОЛАТЫН.

Еріктілер мәселені зарарсызандырудың көмегімен шешуді ұсынады. олардың бүгінгі бар тілегі - Иттерге екпе егіп, арнайы чип кигізіп, қамқор жандардың қолына беру. Ал егер асырап алушы табылмаса, еркіне жіберуге болады. Себебі, екпе егілген жануар еш қауіп төндірмейді. Бұл тәжірибе әлемнің дамыған елдерінің көпшілігінде қолданылып келеді, бүгінде Астана қаласында да жұмыс тәртіп бойынша жүреді. Қалалық ветеринарлық станция басшысы болса, біздің шаһарда да жануарларға жақсы жағдай жасалғанын айтады. Ал көше бойында иттерді аяусыз атқандар станция қызметкерлері емес.

Ұсталған иттер жөнелтілетін Круглоозерное ауылындағы тәлімбақ барлық талаптарға сай келмейді. Бірнеше жыл бұрын жаңасын салу да жоспарланған болатын, алайда, құрылыс әлі басталар емес. Айта кетелік, бүгінгі дейін қалада 1906 ит мен 78 мысық ауланған.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.