Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

15  балаға 159 мың теңге

c 19:45, 17/02/2020 c 557

0:00 / 0:00

Еңбек министрі  7 баладан артық  көпбалалы отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақының мөлшері өсетінін хабарлап отыр. Әр балаға 10 мың 600 теңгеден есептегенде 15 баласы бар отбасы айына 159 мың теңге жәрдемақы беріледі. Ал Қазақстанда 15 бала тәрбиелеп отырған бір ғана отбасы  бар. Ол отбасы Солтүстік Қазақстан өңірінде тұрады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов алқа мәжілісінде мәлімдеді. Сондай-ақ, министр көпшшілікті алаңдатқан жалақыны инфляцияға қарай өсіріп отыруға қатысты пікірмен бөлісті. Нұрымбетовтің айтуынша, жұмыс берушілер бірлестігі  бұл ұсынысқа қарсы шыққан.

Жаңа жылдан бастап мемлекет көпбалалы отбасыларына жаңа жәрдемақы тағайындағаны мәлім. Онда 4 балаға 42 500 теңге,  7 және одан көп бала тәрбиелеп отырғандарға 74 400 теңге беріліп отыр.Бүгінде 370 мың отбасы осы жәрдемақыны алып бастады. Енді үкімет  жеті баладан көп отбасыларға жәрдемақы көлемін көбейтуді ұсынып отыр. Елімізде 15 бала өсіріп отырған мерейлі отбасы бар екен.

Еңбек министрлігінің алқа мәжілісінде мәлім болғандай, енді әлеуметтік көмекке  көмекке мұқтаж отбасылар өтініш жазып, мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырып жүрмейтін болады. Еңбек министрлігі "Отбасының әлеуметтік картасын" жасап шығарды. Осы карта арқылы  7 миллион отбасының жағдайын алдын ала біліп отырады. Оған , 18,5 миллион қазақстандықтың мәліметтері енгізілген.

Әлеуметтік карта арқылы қиын жағдайға тап болған отбасыға әкімдік, министрлік дер кезінде  көмек көрсететін болады деп сендіреді еңбек министрі. Жиында жалақы мәселесі де сөз болды. Жұмысшылардың құқықн қорғайтын кәсіподақ өкілдері жалақыны инфляцияға қарай өсіру қажеттігін көтерді. Алайда, министрдің сөзінен түсінгеніміз бұл жақын болашақта бола қоятын шаруа емес. Себебі, жұмыс берушілер қарсы болып отыр.

Біржан Нұрымбетов – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі; "Жалақы индексациялануы керек деп санаймын. Өкінішке қарай, біздің заңда әзірге мұндай норма жоқ. Еңбек қатынастары әлеуметтік серіктестікке құралады. Мемлекеттің де, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің де мүдделері ескеріледі"

Кәсіподақтар федерациясының қазақстандықтардың жалақысын инфляцияға байланысты өсіріп отыруды заңмен бекіту туралы ұсыныс еңбек министрлігі қолдап отыр. Жұмыс берушілер қанша қарсы болғанымен, бұл мәселе әлі де пысықталады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.