Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

12 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛАДЫ

c 09:51, 29/09/2021 c 614

0:00 / 0:00

Үкімет қолға алып отырған құны 1,2 трлн теңгені құрайтын 128 жоба жүзеге асса, елде 12 мың жұмыс орны құрылады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың хабаралуынша, бұл жобалар индустрияландыру картасы аясында жүзеге аспақ. Азық-түлік өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі, металлургия, машина жасау, энергетика және жеңіл өнеркәсіп сияқты салаларда  жұмыс орындары құрылады.

Елде пандемия кезінде жұмыссыз қалғандар саны артты десек болады. Әрине ресми деректе жұмыспен қамту көрсетікішін жақсартып көрсету байқалады. Дегенмен, жұмысбасты болып жатқандардың дені уақытша жұмысқа тұрғандар. Көп жағдайда құрылыс саласына барып жатады. Тұрақты жұмыспен қамту көрсеткіші төмен. Алайда, карантиндік шектеулер көптеген бизнесті тоқырауға ұшыратып, миллиондаған адам табысынан айырылды. Үкіметтің отырысындағы жағымды жаңалық -  азық-түлік өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі, металлургия, машина жасау, энергетика және жеңіл өнеркәсіп сияқты салаларда  жұмыс орындары құрылмақ. Құны 1,2 трлн теңгені құрайтын 128 жоба іске қосылады.

Бұл орайда  Қарағанды, Алматы облыстарында және Шымкент қаласында өндіріс орындары ашылмақ. Автобустар мен арнайы техника, полиэтилен құбырлары, тігін, медицина, резеңке және пластик бұйымдарын шығару, байыту фабрикасын салу көзделіп отыр. Соның ішінде отын-энергетика кешені саласында 4,5 трлн теңге құрайтын 19 жоба іске асырылуда.

Бұған дейін де елімізде индустрияландыру картасы аясында талай зауыттар ашылып, ғұмыры қысқа болып жабылып қалғаны есімізде. Үкіметтің бұл жолғы бастамасы аяқсыз қалмас деген үміт бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.