0:00 / 0:00
Қаламызда жылу маусымына дайындық жұмыстары күшейтілді. Тозығы жеткен инженерлік желілер кезең - кезеңімен жаңартылып жатыр. Қазіргі таңда қала үшін маңызы зор 6 және 7 - жылу магистралдары толық реконструкциядан өтуде. Жоба ұлттық энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.










