Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖОО-ның кітапханашылары халықаралық конференцияда басқосты

c 18:00, 10/10/2019 c 657

0:00 / 0:00

«Жоғары оқу орындары кітапханаларының серіктестігі: ынтымақтастықтың жаңа түрлері».Бүгін осындай атауда М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің қабырғасында жоғары оқу орындары кітапханаларының басшылары мен жетекші мамандарының қатысуымен халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. 2 күнге созылатын ғылыми конференцияға өңіріміздегі ЖОО-ның кітапханашыларынан өзге, көршілес ресей Федерациясынан делегаттар қатысып, кітапхана саласында енгізген озық тәжірибелерімен бөлісті. Мұндағы мақсат - кітапханалардың халықаралық жоғары оқу орындарыаралық достастығын дамыту мен ел ішіндегі және халықаралық құжат алмасу үшін республикалық және шетел кітапханаларымен серіктестік қатынастар орнату, сондай-ақ жоғары оқу орындарының профессорлар-оқытушылар құрамының еңбектерін ішкі және әлемдік нарыққа ілгерілеуіне септігін тигізу. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің ғылыми кітапханасы - колледж оқытушылары мен студенттері үшін маңызды ақпарат, мәдени және білім беру орталығы екені сөзсіз. Онда -1 млн. астам кітап қоры бар. Қазіргі таңда "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында 15 мыңға жуық оқулық цифрлық фарматқа көшіріліп , университет қабырғасында білім алып жатқан кез келген студент кітапхана сайтынан өзіне керек мағұлматтарды алып келеді. Жиын соңында ынтымақтастықтың түрлері, тиімді әдістері мен технологиялары, кітапханалардың бір-біріне қатысты құқықтары мен міндеттері туралы өзара тиімді келісімдерді сақтауға,  жоғары оқу орындары кітапханаларының өңіраралық, мемлекетаралық және ұлтаралық өзара әрекеттестігін тереңдету жөнінде ұсынымдар қабылданды.

 

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.