Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жастардың жаңалығы

c 17:54, 12/02/2019 c 764

0:00 / 0:00

Әрбір мемлекет білім беру процесіне көңіл бөліп, жас ұрпақтың білімді әрі саналы болып өсуі үшін реформаларын жасақтап, түрлі ғылыми жаңалықтарды оқу процесіне енгізіп жатады. Әрине, мұның барлығы елдің болашағы үшін атқарылып жатқан жұмыс. Әсіресе, барша әлем ғылыми жаңалықтарды қалт жібермей тамашалап, оны зерттеп, зерделейді. Түрлі факторларды саралай келе Елбасы 2019 жылды жастар жылы деп жариялады. Осыған байланысты президент жастардың потенциалын арттыруға нақты тапсырмалар жүктеген еді. Еліміздің аумағында жастарға арналған түрлі жобалар басталды. Алайда, ғылымның орны ерекше.

Мағжан ақын сенген жастар бүгінде түрлі халықаралық байқауларда топ жарып, ел намысын қорғап, ғылыми жаңашылықтарды еншілеп, қазақ елінің атын әлемге атын шығарып жүр. Олардың саны жыл санап артып келе жатырғандығы қуантады. Бұл, Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-шы сынып оқушысы- Талғат Мулдашев. Ол 9 сыныптан бастап, ауадан электр энергиясын алу жобасын қолға алған.

Талғаттың тәжірбиесі сәтті шыққаннан соң, ұстазы екеуі сынақтың екінші деңгейіне көшкен.
Олар алған нәтижеден ғылыми жаңашылдықты ашу үшін біраз жұмыстаныпты. Талғат пен оның ұстазы ауадан алған энергиялары атты жаңалығымен үлкен додаларда бақ сынап, бас жүлдені қанжығалапты.

Екі тәжірбиесі сәтті шыққан жас дарын ауадағы конюктивті ауа бағыттарынан электр энергиясын алу ісінде тәжірибесін тоқтатпапты. Бүгінде үш жобаның жақсы іске асқандығын айтады. Биыл мектепті тәмамдайтын шәкірт келешекте осы кәсіпті дамытуды мақсат тұтып отыр. Ауадан энергия алуды зерттеп, төрт жылдай тер көккен Талғаттың ұстазы жас ғалымға былай деп баға береді.

Жасыл энергияны қолдап жүрген еліміз үшін бұл жобаның берері мол. Ауа арқылы энергия алуды қолға алсақ, көптеген қаржының үнемделуіне сеп болмақ. Осы технология арқылы көшелер мен үйлердегі подьездін жарықтандыру болады.
Бұдан өзге, Эламир Қадырғалеев есімді жас оқушы зағип жандарға арналған арнайы құрылғыны жасақтап үлгерген. Аталмыш құрылғы бейнекамера мен қолғаптан тұрады. Жас дарын компьютердегі бағдарламалардың көмегімен жасақтап, сол арқылы зағип жандар қоршаған ортаны танып біле алады.

Аталмыш жобаның әлемде ешбір аналогы жоқ. Тоғызыншы сыныптың оқушысы бұдан өзге талай халықаралық байқаулардың жеңімпазы болып, ел намысын қорғап жүр. Жыл сайын көру қабілеті бұзылған жандардың артуы осы құрылғыны жасауға себеп болған. Қос оқушыда келешекте адамға пайдасы тиетін жобаларды жасауды армандайды. Мектеп қабырғасынан бастап ғылымға қызыққан жастардың қатары қалың болса, соғұрлым еліміз дамып, өркендеп, мәңгілік бақ қонған елдің тұрағы болмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.