Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жарты ай комада

c 18:56, 13/01/2020 c 604

0:00 / 0:00

Тіс дәрігерлерінің қателігінен ендігі 17 күн ес-түссіз жатқан 2 жасар сәбидің жағдайы ауыр. Бұл жайында бүгін өткен брифингте денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері айтты.  Айта кетсек, елорда тұрғыны Анастасия Зелёная Facebook әлеуметтік желісінде екі жарым жастағы баласының стамотологиялық клиникаға қаралғаннан кейін ес-түссіз қалғанын жазған болатын. Бала екі аптадан бері есін жия алмай жатыр.

Тіс дәрігеріне бару қорқынышты болып тұр. Дәрігерге бүлдіршінін сеніп тапсырған ана енді, оның өмірі үшін күресіп жатыр. Нұр-Сұлтанда  тіс емханасына  кейін ес-түссіз қалған қыз баланың жағдайы ауыр. Өздеріңізге мәлім, елорда тұрғыны Анастасия Зелёная әлеуметтік желіде баласының тісін емдетуге апарған клиникадан комаға кеткен 2 жасар қызы жайында жазып, көмек сұраған болатын. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жазбаны бақылауға алған сәттен бастап, балаға ерекше көңіл бөліне бастады деп отыр анасы.Арнайы комиссия бірден бүлдіршінді ес-түссіз күйге түсірген «Доктор Бро» тіс емдеу клиникасын тексеріп, дәрігерлердің өрескел қателік жібергенін анықтағанды. Балақай ендігі 17 күн комада жатыр.

Ал медициналық қызмет көрсетуде өрескел бұзушылықтарға жол берген клиника жұмысы тоқтатылған жоқ. Тек тіс емдеу барысында  анестезиялық қызметтер уақытша тоқтатылды.

Айта кетейік, аталмыш тіс емханасында бұған дейін екі рет  осындай жағдай орын алған болатын. Алайда, клиника еш алаңсыз бизнесін өрлетіп келеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.