Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мал бордақылау алаңы ашылады

c 15:44, 11/12/2018 c 1461

0:00 / 0:00

БҚО-ның Қазталов ауданында құны 2,5 млрд теңгені құрайтын жаңа мал бордақылайтын алаң бой түземек. Жобаның құрылысы 2019 жылдың сәуірінде басталады деп жоспарланып отыр.

Қазталов ауданына қарасты Талдыапан ауылында жаңа мал бордақылайтын алаң салынбақ. Аталмыш жоба ет экспортының әлеуетін дамытуға ат салысатын болады деп жоспарланып отыр. Инвестордың қаражатына салынатын нысанның құны 2,5 млрд теңгені құрайды. Шетелге ет экспорттауды көздейтін алаңда 20 мың мал бас болады деп күтіледі.

Кәсіпкер мал бордақылайтын алаңдарға жергілікті аналық және аталық ірі қараны сатып алып, олардың салмағын көбейтіп, етін шетелге сатуды жоспарлап отыр. Ет өнімдерін шетелге экспорттауды көздеген жоба жетекшісі мал бордақылайтын алаңдарда жануарлардың жем-шөбіне жіті назар аудару керек,- дейді. Облыс көлемінде мал басын көбейту мен шаруаларға жақсы жағдай жасау бағытында бірқатар шаралар легі қолға алынды.

Шалғай ауданда мал бордақылайтын алаңды салуды көздеген инвестор Қостанай облысында еңбектеніп жатыр. Қыруар қаржы құйып, ауыл шаруашылығының әлеуетін дамытуды көздеген кәсіпкер Қостанай жерінде мал басын 20 мыңға дейін жеткізген. Бүгінде мал бордақылайтын алаңдарда өсіп өнген сиыр етінің басым көпшілігі Ресей мен Өзбекстан асқан. Етті экспорттайтын инвестор келешекте өнімдерін Иран мен Қытайға жөнелтуді көздеп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.