Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

Жаңа алаң ашылды

c 17:34, 05/09 c 389

0:00 / 0:00

М. Өтемісов атындағы БҚМУ-де су жаңа спорттық алаң пайдалануға берілді. Спорт алаңының салтанатты ашылу шарасына аталған оқу орнының әкімшілігі мен студенттер және сала ардагерлері қатысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында 2020 жылы елімізде бұқаралық спортпен шұғылданушыларды 30 процентке жеткізуді жүктеген болатын. Осы орайда іргелі оқу орында атқаралып жатқан істер мол. Оқу орында күні бүгінге дейін жабық спорттық алаң жұмыс жасаса, онда жаттығушылар саны 1000-нан асқан. Осы орайда аспан астындағы спорттық нысанға келушілер қатары көп болары анық. Өйткені, білім ордасында ұрпақ болашағының жарқын болуы жолында атқарылуы тиіс жоспарлы істер баршылық.Жаңа оқу жылы және Қала күні мерекесі қарсаңында оқу орнының бас ғимараты аумағынан студенттерге арналған 920 шаршы метрді қамтыған жаңа спорттық алаңның құрылыс жұмыстары толықтай университет қаржысына жүргізілген. Қазір оқу орыныда 20-ға жуық спорттық секциялар жұмыс жасайды.Сала ардагерлері біліммен қаруланған маман даярлау ісінде дені сау ұлттың қажет екенін айтады. Алаң студенттерге бос уақытында спортпен айналысуға, салауатты өмір салтын сақтауға жол ашады. Мұнда баскетбол, футбол және жеңіл атлетикадан спорттық додалар ұйымдастырылып дене тәрбиесі сабақтары да өтетін болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.