Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Зеленовтық әлеуметтің әлеуеті

c 16:35, 11/10/2018 c 707

0:00 / 0:00

Бүгінгі таңда Зеленов ауданы бойынша 623 азамат жұмыссыз. Бұл аудан халқының 1,9 пайызын құрап отыр. Аудан көлемінде екі қолға бір күрек тапқысы келіп, жаңа жұмыс іздеген жандардың саны 1514 құрап отыр. Мемлекеттік бағдарлама арқылы 29 зеленовтық азамат тұрақты жұмысқа орналасыпты. Зеленов ауданында жұмыссыздық мәселесі қалай шешіліп жатыр? 

2018 жылы Зеленов ауданы бойынша 450-ден астам жаңа жұмыс орыны ашылыпты. Жұмысқа орналасу барысында қиындықтарға тап болған 1818 зеленовтық тұрғын мемлекеттік мекемелерден көмек сұрап, мамандардан кеңес алған. Аудан көлемінде әлеуметтік тұрмысы ақсап тұрған 210 отбасы арнайы мемлекеттің қолдауына ие болыпты.

Аудан көлемінде "Нәтижелі жұмыспен қамту" бағдарламасының аясында атқарылып жатқан жұмыс көп. Мәселен, жастар тәжірбиесі арқылы 90 жас маман жұмысқа жолданған. Бүгінгі таңда, жастарды қолдайтын бағдарламаның арқасында көптеген жас жұмысқа орналасып, ел қатарлы еңбек етуде.

Жұмыссыздықты жоюды мақсат тұтқан жобаның ең маңызды бөлігі ол- кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Аудан көлемінде 86 тұлға микронесие алыпты. Кәсібін алғаш ашқан жандар мемлекеттің қолдауының арқасында армандарын орындауға мүмкіндік туып отыр дегенді айтады.

Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары қазан айында биылғы жылы бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін 4 гранттың иесі анықталады,- дейді.  Бұл қаржы кәсіпкерлерге қайтарымсыз негізде берілмек.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.