0:00 / 0:00
Орал қаласында өткен сән апталығы - өңірдегі индустрияның дамуына серпін берген маңызды оқиғаға айналды. Uralsk Fashion Week аймақтық қана емес, республикалық деңгейде де шеберлігін дәлелдеген талантты дизайнерлерді бір алаңға тоғыстырды. Подиумда күнделікті киімдерден бастап, заманауи трендтер мен ұлттық нақыштарды үйлестірген кешкі және авторлық топтамалар ұсынылды.










