Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұлттық құндылықты ұмыттық

c 19:13, 25/02/2021 c 608

0:00 / 0:00

Сенаторлар телеарналардан  көрсетілетін контенттерде ұлттық құндылықтар қағидасын сақтауда талап етті.  Сенатор Дана Нұржігіт премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында телебағдарламаларға қатысты заңнамалық өзгерістерді қабылдауды ұсынды. Оның айтуынша, қазір телеарналарда ұлттық ұстанымдарға қайшы келетін, рейтинг қуған әдепсіз бағдарламалар шығып жатыр.

Лайк, хайп қуған  заманда теле бағдарламалардың да деңгейі төмендеп кетті. Кейбір республикалық телеарналарда  ұлттық ұстанымдарымызға қайшы келетін  бағдарламалар көрсетіліп, халықтың санасын улауда. Әсіресе, көрермен теледидарды көп қарайтын кешкі уақытта  ұлттық санаға соққы болатын,  ар намысқа тиетін "хайптар" мен "сенсациялар"  көп көрестіледі дейді сенатор Дана Нұржігіт. Рейтинг үшін арды белден басқандарды сынады.

Ал пандемия басталғаннан бері Қазақстанда теледидар көретін адамдардың саны  29 процентке өскен.

Өз кезегінде  сенатор Жапонияның тәжірибесімен бөлісті. Бұл елде  отандық телеарналардың жұмысы ұлттық құндылықтар тұрғысынан заңмен бақыланып, реттеледі. Жапонияда  ұлт мәдениетін, рухын көтеретін,  үлттық құндылықтарды сақтайтын хабарлар таратылады.  Ал Қазақтанның ақпарат саласындағы заңнамасында телеарналардың басты қағидаты болуға тиісті "ұлттық құндылықтарды сақтау, дәріптеу, насихаттау" деген ұғым жоқ атымен жоқ дейді депутат  Нұржігіт.Бұл орайда, сенатор үкіметке телеарналардан  көрсетілетін контенттерде ұлттық құндылықтар қағидасын сақтауда талап ететін норма енгізуді ұсынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.