Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰБТ-Ң МАШАҚАТЫ

c 09:44, 08/07/2022 c 1698

0:00 / 0:00

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге тиым салынған заттарды алып кірмекші болған 327 жағдай тіркелді. ҰБТ ережесін бұзуға тырысқан түлектердің нәтижесі жойылды. Бұл жайында Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығының» директоры Руслан Емелбаев брифинг барысында айтты. Биыл түлектердің 76 пайызы қазақ тілінде тест тапсырған. 5 шілде күні негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды. ҰБТ биыл да 43 тестілеу орталығында «1 компьютер-2 камера-1 талапкер» қағидаты бойынша электронды форматта өтті. Түлектерге тест тапсыруға екі рет мүмкіндік берілді.

Жылдағы дәстүр бойынша, биыл да қазақстандық түлектер ҰБТ тапсырды. Бұрын ҰБТ тапсыру арқылы мектептердің рейтингісі де айқындалатын. ҰБТ тапсырмай мектеп бітіргені туралы аттестат ала алмайтын. 2017 жылдан бастап ҰБТ– ға өзгеріс еніп, ол тек ЖОО түсуге арналған емтихан ретінде қалды. Жылдан жылға тест тапсыру барысы қатаңдатылып, түлектерге қойылатын талаптар күшейтіліп келеді. Былтырдан бері электронды форматты жүріп жатқан тест барысында бұзушылықтарға жол бермеу үшін, камера қойылып, бақылау күшейтілді. Дегенмен кейбір түлектер оны айналып өтудің жолын табуда. Тиым салынған заттарды кіргізуге талпынғандар да баршылық.

Осылайша ҰБТ-ға шпаргалка, телефон алып кірген түлектер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тест «1 компьютер-2 камера-1 талапкер» қағидаты бойынша электронды форматта өтсе де, сынақ барысында бөгде адамдардың кіру фактілері де тіркелді.

ҰБТ барысында қойылатын қисынсыз сұрақтарды өткізбеуге тырыстық деп отыр ұйымдастырушылар. Өздеріңізге мәлім, бұған дейін тесте «Абылайханның атының қанша тісі болған?» деген сияқты сұрақ кездесіп, қоғаммен қатты сыналған болатын.

Бұл жолы да түлектерге тест тапсыруға екі рет мүмкіндік берілді. Жалпы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін 290 мыңнан астам өтініш түскен. Оның ішінде 160 мыңы бірінші мүмкіндікті пайдалануға, 130 мыңы екінші мүмкіндікті пайдалануға арналған. Түлектердің 76 пайызға жуығы қазақ тілінде, 24 пайызы орыс тілінде, 213 бала ағылшын тілінде білімдерін сынады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.