Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұтқында өткен тағдыр

c 18:03, 19/07/2018 c 850

0:00 / 0:00

Концлагерь тұтқыны Вера Петровна Ворфоломеева 14 жылы бойы баспана кезегінде тұр. Қазір 82 жасар кейуана қала маңындағы барақта күн көріп отыр. Вера Петровна Ураина жерінің Харьков облысынан. Соғыс басталған уақытта оның отбасы майдан шебінде болыпты. 1943 жылы немістер шегініп, жергілікті тұрғындарды да Германияға қуа бастапты. Вера Петровна Майданик, Освенцим, Бухенвальд сынды концлагерьлерде тұтқында болыпты. 7 жасар қызды немістер жұмысқа да жегіп, қатаң тәртіпте ұстады. Осылай зәбір көріп қанша уақыт тұтқында болғаны Вера әжейдің қазір есінде жоқ. Алайда теміржолдағы жұмыс, ауыр шаруа әйелдер мен балалардың мойнына артылған жүк кейуана есінен кетпек емес. Ол аз десеңіз, жаралы сарбаздарға керек қанды да осы балалар мен әйелдерден алған. Бұдан кейін олар тірі қала ма, жоқ па немістерді бұл алаңдатқан емес дейді кейіпкеріміз.

ВЕРА ВОРФОЛОМЕЕВА
Тұтқын

Біз үш лагерьден өттік. Төртіншісінде жұмыс істедік. Бұл Динкельшпиль қаласы болатын. американдықтар бізді босатқан кездегі үлкеен алаң есімде. Ол жерде 3 лагерь болып еді. Жұмыс істеп жатқандардың көбі ер адамдар болды.

Американдықтар еркіндік алған тұтқындардан жерден кетпеулерін сұрап,үй жұмыс ұсыныпты. Бірақ Вера Петровнаның анасы Отанға оралу керек деп шешім қабылдайды. Алайда бастарында баспаналары жоқ олар атамекенге жету үшін жарты жыл жол кешкен. Ал Оралға Вера Петровна 2001 жылы көшіп келіпті. Бұл шаһарда туыстарының үйі бос тұрып, сонда тұрған. Алайда, екі жылдан соң, әжейдің туыстары қайтып оралып, баспананы босатуын сұрапты. Пәтер іздеп дал болған ол осы үйді тауыпты. Әрине бұл жерді үй деп айтуға келмес, жартылай бұзылған барақта еш жағдай жасалмаған. Осыдан он жыл бұрын көшіп келген кезде бұл жердегі жағдай сонау 43 жылдардағыкрнцлагерьді еске түсіретін дейді әжей.

ВЕРА ВОРФОЛОМЕЕВА
Бірте бірте жөндеп жатырмын. Бірақ жалғыз өзім барлығын ретке келтіре алмасым анық. Себебі үй өртенгенде әкімдік өкілдері келіп, бөренелерді ауыстыру керек деді.

Қазір Вера Петровна үй кезегінде тұр. Алайда кезегінің ретінен де, қалай жылжып жатқанынан да хабары жоқ.
Қазір оралда концлагерь тұтқынында болған небәрі 9 қария бар. Әрине, олардың жағдайының барлығы бірдей емес. вера петровна бүгінде тегін дәрілердің де тоқтап қалғанын айтады. Жылына екі рет салытын екпеден де қағылыпты. Дәрігерлер де үй-үйді аралауды қойған. 80ді алқымдаған кейуана осыны ойлап қынжылады.

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.