Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТӨРТ АЯҚТЫ САҚШЫЛАР

c 17:22, 16/03/2021 c 655

0:00 / 0:00

Кинологиялық қызмет орталығында барлығы 24 қызметтік ит күтіп-бапталуда. Соның бірі -Арес. Иесі Нұрбол Малаев бұл орталыққа 4 жыл бұрын келген. Содан бері екеуінің жұбы жазылмай келеді. Нұрбол сенімді серігімен есірткі заттарын анықтау бағытында жұмыс атқарады.
Арестен бөлек бұл жерде неміс пен белгиялық овчаркалар, лабрадор секілді түрлі тапсырмаларға дағдыланған қызметтік иттер бар. Олардың негізгі міндеті-жарылғыш заттар мен қауіпті қылмыскерлерді тез арада тауып, қоғамға төнер қатерді жою.
Орталықтағы қызметтік иттердің көмегі арқылы түрлі қылмыстың беті ашылған. Соңғы жетістіктерінің бірі-балалар үйінен қашқан жасөспірімдердің бағытын анықтай отырып, жасырынған жерден тауып алуы. Жалпы орталықтағы иттер «Адам жоғалды, жарылғыш зат қойылды»,- деген суық хабар түскен бойда оқиға орнына дереу жеткізілетін көрінеді. Ашылған қылмыстардың көбі есірткі саудасымен байланысты.
Иттің иіс сезу қабілеті адамдікінен 10 есе жоғары екен. Миллиондаған иісті ажырата алады. Сәйкесінше, тұқымдарына байланысты атқаратын қызметтері де әркелкі. Кинолог мамандардың көбі неміс овчаркасымен нәтижелі жұмыс жасаған. Мұндай төбеттер өз иесіне адал болады, ұры-қарының ізіне жаңылмай түсіп, күдіктілерді ұстауда таптырмас көмекші.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.