Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТАКСИСТЕР МЕН КУРЬЕРЛЕР МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

c 10:00, 08/06/2022 c 791

0:00 / 0:00

Үкімет өзін-өзі қамтыған таксистерді, тапсырысты жеткізу жұмысын қамтып жүрген курьерлерді әлеуметтік қамсыздандыруды қолға алмақ. Бүгін өткен үкіметтің отырысында еңбек министрі елімізде 500 мың адам онлайн-платформалар арқылы жұмыс істейтінін айтты. Министр Тамара Дүйсенова осы санаттағы азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қосу үшін тиісті заңға өзгеріс енгіземіз деп отыр.

Қазақстанда онлайн палтформада жұмыс істеп жүргендердің саны 500 мың адамды құрайды. Олар таксистер, куреьерлер. Бұлар өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендер болып табылады. Бүгінде ел нарығын Яндекс, Uber, Wolt және Glovo сияқты онлайн палтформалар басып алған. Еңбек министрі Тамара Дүйсенова бұлар Қазақстанда жұмыс істеп жатыр, Қазақстанға салығын төлеп отыр. Азаматтарға жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отыр. Енді осы салада қызмет етіп жатқан азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру мәселесін шешу міндетін қойып отырмыз дейді. Қазақстандағы негізгі 8 платформаның басшыларымен кездескен министр, олардың келісімен алыпты. Енді 1 шілдеден бастап осы салада жұмыспен қамтылған азаматтарды жалпы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қосуды пилотты түрде енгізбек.

Егер онлайн қызмет көрсетіп жүрген жұмысшы жұмыссыз қалса, декретке шықса мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жәрдемақы ала алмайды. Сондықтан оларды әлеуметтік қамсыздандыру қажет деп отыр министр.

Өкінішке орай 30 жылда өзін-өзі қамтып жүргендерді әлеуметтік қорғау мәселесі әлі бір жолға қойылмай келеді. Осылайша 2 миллион адам не жұмыссыз, не жұмысбасты деген статусқа ие бола алмай отыр. Олардың тұрақты табысы жоқ, салық төлемейді, медициналық сақтандыру қызметінен де қағылған. Зейнетақымен де қамтылмайды. Өз статустарын бекіте амай жүрген курьерлер мен таксистер бірнеше рет наразылық акцияларын да өткізіп, олардың табысын арттыруды сұраған болатын. Дамыған елдерде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 6 пайызды құраса, Қазақстанда 23 пайызды көрсетіп отыр. Еліміздің ұлттық статисткиа бюросының ресми мәліметінше, өткен жылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 2 миллионан асқан. Олардың жартысы медициналық сақтандыру және бірыңғай жиынтық төлем төлемейді. Жалпы үкіметтің амбициялық жоспары бойынша 2025 жылға дейін 2 миллион жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Премьер-министр, бұл орайда әр өңірде жұмыс орнын ашу арқылы әкімдердің рейтінгін бағалаймыз деп отыр.

Енді жылы орнынан айырылығысы келмейтін, жұмысын көрсеткісі келетін әкімдерге жаңа жұмыс орнын ашуда аянбай еңбек етуге тура келеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.