0:00 / 0:00
Орал қаласында Табиғатты қорғау прокуратурасы Төтенше жағдайлар департаменті, полиция және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ауқымды профилактикалық іс-шара өткізді. Рейд барысында мамандар тұрғындарға судағы қауіпсіздік қағидаларын түсіндіріп, жабдықталмаған орындарда шомылуға және балаларды қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертті. Өкінішке орай, биылғы шомылу маусымы басталғалы бері өңірдің су айдындарында ересектермен бірге кәмелетке толмаған балалардың суға батып кету деректері тіркелген.










